Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дауыссыз р, л, ң (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сабақ тақырыптары
1. Әдепті сөздер.
2. Шығарма.
3. Тіл және сөйлеу.
4. Ауызекі тіл, жазбаша тіл.
5. Дыбыс және әріп.
6. Дауыссыз р, л, ң.
7. Мәтін және оның түрлері.
8. Сөйлем түрлері.
9. Сөз құрамы.


Үлгі:
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз р, л, ң.

Сабақтың мақсаты: 1. Дауыссыз р, л, ң дыбыстарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.
2. Ауыз екі сөйлеу тілдерін дамыту; достыққа тәрбиелеу; білімге деген құштарлықтарын арттыру.
3. Есте сақтау қабілеттерін дамыту, зейіндерін арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жаттығумен жұмыс.
Көрнекілігі: кесте, сызба.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 201, 201 - бет 5, 6 - жаттығу.
Сұрақтар қою арқылы білімін тексеру.
 У әріпі қай кезде дауыссыз қандай кезде дауыста болып айтылады?
 Ю дыбысы қандай дыбыстардан құралған?
 И мен Й әріптері қандай дыбыстан кейін жазылады?
 Я әріпі қандай дыбыспен қосарланып айтылады?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. Жыл бойы өткенді қайталау.

ІУ. Білімін тексеру:
Дауыссыз дыбыстар
қатаң к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ;
ұяң б, в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді р, л, м, н, ң, й, у болып үшке бөлінеді.
Нашар оқушылармен жұмыс. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? Олар қандай ерекшелігіне байланысты екіге бөлінеді? 1 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
1 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Нашар оқушылармен жұмыс. 2 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
2 - жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз. – ы,- і дыбыстарының түбірге жалғануына байланысты өзгерген дыбысы бар сөздердің астын сыз.
Мектебім - мектеп - ім, бесігім - бесік - ім, бағыңда - бақ - ыңда.
3 - жаттығу. Соңында п дыбысы бар сөздерге – у қосымшасын жалғап жаз.
У

Жап
Кеп
Тап
Сеп
Шап
Теп

Қандай дыбыстар өзгерді? неге өзгерді? Екі бағандағы сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығын айт.
3 - жаттығу. Сөйлемді көшіріп жаз. Сөздің басында келген л, р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Сөз басында л, р әріптерінің алдынан ы, і естілгенімен, ы мен і жазылмайды.
У. Сабақты бекіту:
У. Сабақты қорытындылау:
Тест тапсырмасы:
УІІ. Оқушылар білімін бағалау, күнделіктеріне қою.
УІІІ. Үйге тапсырма беру: 204 - бет 5 - жаттығу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама