Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дара және күрделі сан есім
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып, дара және күрделі сан есім туралы түсінік беру.
2. Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық жұмыстар арқылы білімдерін дамыта түсу.
3. Оқушыларды әдептілікке, шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сандар туралы қазақи ұғымдарды өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі:Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта,
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Жылулық шеңбері.
2. Өткен сабаққа шолу.
3. Негізгі бөлім. Жаңа сабақ.
Бір сөзден құралған сан есім дара сан есім деп аталады.
Мысалы: он, жиырма, отыз, қырық.
Екі немесе одан да көп сөзден құралған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады.
Мысалы: он бес, елу бес, жүз алпыс алты.
Дәптермен жұмыс Күн жады жазылады. Көркем жазу.
Оқулықпен жұмыс
Жаңылтпашты жатқа айт. Сан есімдерді тап. Қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айт.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Биылғы жылды, айды, күнді, апта күнін жазумен жаз.
Этномәдени сұрақтар
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 3, 5, 7 секілді сандардың бәрін бір ұғымға негіздеп, киелі деп есептеген.
1. Үш қуат: Ақыл. Жүрек. Тіл.
2. Бес асыл, бес дұшпан.
3. Алты игілік: Денсаулық, қазына, дос, әйел, білім, бала.
4. Жеті қазына: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Халық ауыз әдебиетінде және жекелеген авторлар шығармаларында көптеп кездесетін шығарманың бір түрі - санамақтар. Кеспе карточкалар таратамын. Карточкаларда санамақтың бір - бір жолы жазылған. Мен белгі берген кезде сан реті бойынша оқып шығасыңдар.
Бір дегенім - бір таяқ,
Екі дегенім – екі таяқ,
Үш дегенім - үшкір тіс,
Төрт дегенім - төрт бұрыш,
Бес дегенім - бес қатар,
Алты деген – алты атар,
Жеті – жердің жемісі,
Сегіз - төлдің семізі,
Тоғыз деген төл басы,
Он деген он жолдасы.
Сан білмеген айта ма
Санамақты қайтала.
Сергіту сәтіне санға байланысты жұмбақтар шешу.
1. Жүз төрт түйме,
Он бір ине. (Есепшот.)
2. Үш жүз алпыс және алты құсы бар,
Кезегімен бір - бірлеп ол ұшар. (Қабырға календарь.)
3. Екеуі басып тұрар,
Екеуі қашып тұрар. (Малдың төрт аяғы.)
4. Басы жоқ, екі беті, жүз тісі бар,
Қақ бөлер бөренені тың күші бар. (Аpa)
Терме диктант.
Сан есімі бар сөйлемді теріп жазу.
Өзіндік жұмыс.
Өлеңдегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жазу.
Сабақты бекіту
“Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ” дегендей Абай атамызды айтпай кетуге болмайды.
“Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең “демекші біздің күнделікті тұрмысымызда той - думанда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен айтылады.
Мысалы: Бір бала, Он алты қыз, Екі жирен, Сегіз аяқ, Жиырма бес.
Қорытынды бөлімі
Бағалау Үйге тапсырма: сан есімге байланысты мақал - мәтел жазу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама