Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көктем (оқушы шығармашылығынан)
Шығармашылық жұмыс

Көктем
Көктем келді қалаға,
Көктем келді далаға.
Қарлар еріп көл болып
Суға толды сай – сала.

Анаға
Ана деген асыл жан,
Зерек туған ғасырдан.
Туады ақын, ғылым да
Ана деген асылдан.
Құтты болсын мейрамың,
Тілеймін саған ғасырды.
Сыйлар едім өзіңе,
Әлемдегі асылды!!!

Жақсы бала
Жақсы бала әрқашан да білімді,
Ұғып алар ынтасымен ілімді.
Бірге ойнап бірге әркез жүретін,
Досың болсын ашатын бар сырыңды.

Ұстазыма арнау
Алтын ұям мектебім,
Өнер білім үйреткен
Ұлағатты ұстазым,
Сол білімді игерткен
Ұстазымның ұстамы,
Ұқыптылық ол асқан
«Әліппеден»басталып,
Даналыққа жол ашқан.
Сабырлы да, салмақты.
Менің Айтуған апайым.
Сан шәкіртті үйретіп
«Білім» таңын оятты

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама