Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дара және күрделі сын есім
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дара және күрделі сын есім туралы білімдерін бекіту, оларды меңгерту деңгейін түрлі тапсырмалар орындау арқылы тексеру.
Оқушылардың ой өрісін, сөздік қорларын, танымдық қабілеттерін дамыту,
тілді құрметтеуге, сауатты жазуға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Типі: Білім мен дағдыны іскерлікті қолдану сабағы.
Түрі: дәстүрлі емес.
Әдісі: топпен жұмыс, «Ой қозғау», іздену жұмыстары, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: слайдтар, карточкалар, тест жұмыстары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
А) Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
Ә) Психологиялық дайындық. (топқа бөлу, тілек айту)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. «Өткенге шолу»
Балалар қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (8) Соның нешеуімен біздер таныспыз? (4)
Капитандар сайысы.
● Зат есім
Дара және күрделі
Негізгі және туынды
Жалқы және жалпы Жекеше және көпше З. е. тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.
3 күрделі зат есім ойла
● Етістік
Дара және күрделі
Негізгі және туынды
Болымды және болымсыз Жіктеледі, етістіктің шақтары
3 тыйым сөз ойла
● Сын есім
Дара және күрделі Негізгі және туынды
● Сан есім
Дара және күрделі Негізгі және туынды Есептік және реттік
3 күрделі сан есім ойла

ІҮ. Жаңа сабақ
Сын есім
○ Дара
Негізгі ----------------- туынды
Ақ, қара -------------- таулы,
әдемі, т. б ----------- ақшыл, тұзды
○ Күрделі
Қос сөзді -------------- Тіркес сөзді
Қап - қара, ------------ кең маңдайлы
қып - қызыл ---------- ұзын бойлы
сап - сары ------------- қошқыл қоңыр

Күрделі сын есімнің құрамындағы сөздер бөлек - бөлек жазылады.
Ү. «Біліміңді шыңда»
Тіркес сөздер ойлап өзіңе ұнаған сөздерден екі сөйлем құра.
Туынды сын есім ойлап, екі сөйлем құра.
Қос сөзді сын есім ойлап, екі сөйлем құра.
Біз қандай сын есімді ұмытып, атамай кеттік?
Қарсы мәндес сын есім (Антоним)
Мағынасы жуық сөздер (Синоним)

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
19 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, сын есімдердің тауып астын сыз.
21 - жаттығу. Берілген сын есімдерден сөйлем құра.
ҮІІ. «Тездет, бірақ қателеспе»
Мақал - мәтелдер сайысы.
Берілген тірек сөздерден мақал - мәтел құра.
1. Қандай?... сөз жарым ырыс.
Әдепті - әдепсіз, арлы - сорлы
Аппақ - жұмсақ.
2. Қандай? бас екі аяққа маза бермейді.
Жақсы - жаман Үлкен – кіші
3. Қандай? адам ұялшақ келеді,
Қандай? адам сұраншақ келеді.
Ақылды - ақымақ Жаңа - көне, ескі.
ҮІІІ. «Тапқыр болсаң талас жоқ.»
Берілген суреттерден жұмбақ құра.
(Қарбыз, қалам, аяқ киім.)

ІХ. « Ойлан, тап» Тест.
Х. Қорытындылау.
Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
ХІ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама