Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Зат есім. 322-327-жаттығу
Қазақ тілі 2 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есім. 322 - 327 - жаттығу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың, ұғымның атауы екенін түсіндіру, сұрақ қоя білуге, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Сондай - ақ зат есімді сөйлем ішінде таныту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, сөйлемдер құрату арқылы сөздік қорын, дүниетанымын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дұрыс мәдениетті сөйлей білуге, жылдамдыққа, жануарларға қамқорлыққа, үлкендер еңбегін құрметтеуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру
Түрі: танымдық сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, ойын, суретпен жұмыс, өзіндік және топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: суреттер, қима суреттер, слайд.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайраңдаған достарыма сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Ұстаздарым сіздерге сәлем!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
320 – жаттығуды оқыту, ережелер сұрау арқылы тексеру.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1. Д/ойын: «Жылдам жауап»
Кім?......
Не?.........
Кімдер?......
Нелер?........
2.«Ойқозғау» Елбасы, Отан жайлы.

ІV. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
а/ «Зат есім» бейнесөз шешу.
ә/ Кестемен жұмыс.
2. Оқулықпен жұмыс.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады
Жып - жылтыр боп жатады.
- Өлең жылдың қай мезгілі туралы? (Қыс)
- Енді қыс сөзіне сұрақ қояйық. ( не? – қыс )
- Бұл ненің атауы?
- Мезгіл аты.
- Мезгіл атауларына да не? деген сұрақ қойылады екен.

/ Ресейдегі «Сочи – 2014» Қысқы ХХІІ Олимпиада ойыны жайлы айту. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға Олимпиаданың эмблемасы берілетінін айтып, қызығушылықтарын ояту/.

322 - жаттығу. 1. Қыс айларының аттарын пайдаланып, сөзжұмбақ шешейік.
2.« Қыста» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрау.
- Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын ата?
- Қар, аяз, боран, мұз.
- Сұрақ қояйық, қай сөз табына жатады?
- Бұл сөздер де не? сұрағына жауап бергендіктен зат есімге жатады.
3. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу: қыс /көркем етіп 2 жол жазу/.
323 - жаттығу.
1. Суретпен жұмыс.
2. Тапсырма: а/. Мәтінді оқу, ат қою.
ә/ Не? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
б/ Алғашқы және соңғы сөйлемдерді көшіріп жазу.
Құндыз – ғажап қызық аң. Құндыздың терісі аса бағалы.
3. Өмірмен байланыстыру, тіл дамыту.
«Құндыз бөрік, құндыз жаға, құндыз ішік, құндыз тон» тіркестерімен таныстыру, ауызша сөйлем құрату.
4. Пайымдау: Құндыз – мемлекеттік қорғауға алынған, «Қызыл кітапқа» енгізілген.
324 - жаттығу. а/ Өлеңді жаттау, жатқа жазу. ә/ Зат есімдерді табу. б/ Өлеңді жалғастыру.
- Елбасы кімді? (нені?) қорғайды? (халқын, мемлекетін,....)
- Оқушы кімді? (нені?) қорғайды? ( досын, мектебін,...)
4. Сергіту сәті: «Кім жылдам сұрақ қояды?»
Қима суреттермен жұмыс:
1. Түрлі мамандық иелерінің суреттері (егінші, малшы, құрылысшы, дәрігер, ұстаз, шахтер.
2. Жануарлар, жәндіктердің суреттері.
Ереже құрастыру.
Шығарған ережелерін оқулықпен салыстыру.
325 - жаттығу. «Ұсталар» ойыны.
- Суреттегі заттарды кімдер пайдаланады?
- Сендер сол затты пайдаланушы ұста ретінде, заттың атауын қатыстырып сөйлем құраңдар.
Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыру, есте сақтау.
бұрғұ – бұрғы сүргү – сүргі қайрағ - қайрақ
326 - жаттығу. «Кім зерек?» ойыны.
Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әр түрлі қойылу себебін дәлелде.
ағаш – ағаштар, қыз – қыздар, перде – перделер, мұғалім – мұғалімдер, бүркіт - бүркіттер сатушы - сатушылар

V. Сабақты бекіту: Топпен жұмыс.
1 - топ. Адамға қатысты сөздерді ата, сұрақ қой.
2 - топ. Адамның қолымен жасалатын заттарды ата, сұрақ қой.
3 - топ. Табиғаттағы заттарды ата, сұрақ қой.

VI. Қорытындылау. Сұрақ - жауап арқылы.
- Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады?
- Зат есім дегеніміз не? ( ереже, мысал келтіру)
- Сөз таптары дегеніміз не? ( ереже, мысал келтіру)
- Қазақ тілінде басқа да қандай сөз таптары бар?
- Қандай тапсырма қиындық келтірді?
- Не үйрендік?

VII. Үйге тапсырма:
327 – жаттығу. Ұста туралы әңгіме құрау.
1. Үй тапсырмасын түсіндіру: өз ісінің шеберін ұста дейміз.
2. Ереже жаттау.
VIII. Бағалау. Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Олимпиаданың эмблемасын тарату.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама