Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Дәрежелік функция және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Дәрежелік функция және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дәрежелік функция тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу;
а) білімділік: Дәрежелік функцияның графигі мен қасиеттерін түрлі есептер шығаруда қолдану;
ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру;
б) тәрбиелілік: Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке, дәлдікке тәрбиелеу;
Сабақтағы көрнекілік: Интерактивті тақта, компьютер, презентация.
Сабақ түрі: Өтілген тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, жетілдіру және тереңдету, зерттеулер жүргізу сабағы.
Әдіс - тәсілдер: Топтық жұмыс, өзара тексеру, деңгейлік тапсырмалар,
тестілеу, графиктермен жұмыс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ жоспары
1) Ұйымдастыру кезеңі. (Сабақтың мақсатын айқындау. (2 - мин)
2) Өтілген тақырыпты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын тексеру. (5 - 7мин)
3) Сабақты бекіту есептері. Тест (30 мин)
4) Үй тапсырмасы (2 - 3мин)
5) Сабақты қорытындылау. Рефлексия (2 - 3мин)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өтілген тақырыпты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын интерактивті тақтада тексеру

Өтілген тақырыпты қайталау, білімдерін жүйелеу. Үйге берілген есептерді тексеріп шығу.
Анықтама: формуласымен көрсетілген функция дәрежелік функция деп аталады.(Дәреже көрсеткіші α - ға тең.)
Дәрежелік функция қасиеттері мен графигі тақырыбы бойынша оқушыларға берілетін сұрақтар. (Интерактивті тақтада) Кестемен жұмыс.

Дәрежелік функция және оның қасиеттері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама