Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері
Property trigonometrical functions and its schedule

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін меңгерту; Қарапайым түрлендірудің көмегімен тригонометриялық функциялардың графигін сала білуге үйрету.

Дамытушылық: Жаңа тақырыпқа қатысты оқушылардың алған білімі мен қалыптасқан білік, дағдыларын практикада қолдана білуге үйрету; Шығармашылық іс - әрекеттерін, іздемпаздығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушының еңбек сүйгіштік қасиетін қалыптастыру, ұқыптылығы мен өзіндік ой пікірін жан-жақты, дәлелдей білу қасиетін тәрбиелеу, өзін – өзі жетелеуге, басқаруға, қазақ тілімен қоса ағылшын тілінде сөйлей білуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді үш тұғырлы тілде меңгерту.
Сабақтың әдісі: Топтық, оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, белсенді тақта, активойд, постер, маркер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі - Omganizational moment
II. Үй тапсырмасын тексеру - Lets check up your homework
III. Ой қозғау (пысықтау) - Warm up
IV. Жаңа сабақ - New Theme
V. Сабақты бекіту - Condusion
VI. Сабақты қорытындылау, бағалау – Summing, Marking

Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларымен амандасу ағылшын тілінде. Сыныпты 3 түрлі түсті таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Психолог маман әр түстің психологиялық
сипаттамаларын беру.

Үй тапсырмасын тексеру:

№79 (а, ә), тригонометриялық функциялар тақырыбында шығармашылық жұмыстар(реферат, сөзжұмбақ, ребус, жұмбақтар) Үлестірмелі карточка жасау.

III. Ой қозғау (пысықтау) кубизм әдісі

1. Функция дегеніміз не? (анықтамасы)
2. Функцияның қасиеттерін ата. (жұп, тақ, периодты, периодсыз шектелген, өспелі, кемімелі, max, min нүктелері)
3. Белсенді тақтадағы графикті зерттеу арқылы функциясын зерттеу алгоритмін ата, және не үшін керек?
4. Тригонометриялық функцияларды ата, анықтамасын айтып бер. (геометриялық және алгебралық) интерактивті тақтадағы суреттер арқылы.
Ендеше осы аталған мәліметтерді пайдаланып жаңа сабағымызға көшеміз.
Жаңа тақырып жазылып, әр топқа постер, маркерлер таратылады. Әр топ 3 фунцияны еркінше таңдап алып, дайын болған соң бір оқушы шығып қорғайды. Келесі топтар сұрақ арқылы жаңа сабақ түйінделеді.
I. топ: y=sin ∝ функциясы
II. топ: y=cos ∝ функциясы
III. топ: y= tg ∝ функциясы

№ 11. Ы. Алтынсарин атындағы
орта мектептің математика пәні мұғалімі
Исағалиева Толқын Сағидоллақызы

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама