Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дәрумендер
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер
ІІ. Үй тапсырмасы.
I топтың тест сұрақтары
1. Пластикалық алмасу нәтижесінде не болады?
а) күрделі органикалық қосылыстар ыдырайды
ә) заттар ыдырайды және синтезделеді
б) күрделі органикалық қосылыстар синтезделеді
в) энергия бөлінеді
2. Нәруыздар неден түзіледі?
а) глюкозадан
ә) глицерин мен май қышқылдарынан
б) аминқышқылдарынан
в) несепнәр мен зәр қышқылынан
3. Көмірсулар ыдырағанда не түзіледі?
а) глюкоза
ә) глицерин мен май қышқылдары
б) аминқышқылдары
в) несепнәр мен зәр қышқылы
4. Аталған ыдырау өнімдерінен қанға сіңірілетіндері
а ) майлар, глюкоза
ә) аминқышқылдары, глюкоза
б) майлар
в) аминқышқылдары, майлар
5. Адамға тән майлар қайда түзіледі?
а) бауыр жасушаларында
ә) тоқішек жасушаларында
б) ішек бүрлерінің эпителий жасушаларында
в) ашішек қуысында

ІІ топтың тест сұрақтары
1. Органикалық заттар ыдырағанда не болады?
a) энергия жинақталады
ә) энергия бөлінеді
б) күрделі заттар түзіледі
в) жай заттар түзіледі
2. Майлар неге ыдырайды
а) глюкозаға
ә) глицерин мен май қышқылына
б) аминқышқылдарына
в) несепнәр мен әр қышқылы
3. Организм сыртқы ортадан не алады?
а) оттек
ә) көмірқышқыл газын
б) органикалық заттар, су, минералды заттар
в) несепнәр мен зәр қышқылын

4. Қорытылған астың сіңірілуі кезінде алдымен лимфаға, одан қанға түсетін зат
а) майлар
ә) глицерин мен май қышқылдары
б) аминқышқылдары
в) глюкоза
5. Гемоглобин құрамына кіретін, оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдайтын зат
а) кальций мен фосфор
ә) йод
б) темір
в) хлор

1.... аминқышқылдарынан түзіледі.
2. Көмірсулар ыдырағанда... түзіледі.
3. Қорытылған астың сіңірілуі алдымен... одан қанға түсетін зат.
4. Адам ағзасындағы жалпы судың көлемі... пайыз.
5. Сүйек құрамына... кіреді.
6. Ересек адамға қажетті майдың тәуліктік мөлшері...

№142 орта мектебі
Пән мұғалімі: Әбенов Жасұлан

Дәрумендер. слайдты жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама