Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Азық – түліктер. Дәрумендер
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Валеология
Тақырыбы: Азық – түліктер. Дәрумендер.
Мақсаты: Азық – түлік сапасын иісіне, дәміне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету. Дәрумендер – табиғи қорғаушылар екенін ұғындыру, олардың пайдасы жайлы түсіндіру.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыс: Сергіту сәтін қайталау.
Қостілдік құрам: Азық – түлік – продукты, дәрумендер – витамины, аспазшы – повар

Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық.
- Балалар, бүгін бізге
қонаққа аспазшы апай қонаққа келді. Аспазшы бізге тамақтың иісіне, түсіне қарап ажыратуды және дәрумендердің пайдасы туралы әңгімелеп береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік - Балалар, азық – түліктер дегеніміз не?
- Азық – түлікке нелер жатады?
- Балалар, азық – түліктерді
түсіне, дәміне, иісіне қарап ажыратамыз.
- Азық – түлік түрлеріне
ұннан жасалған тағамдар, ботқалар, кеспе жатады. Тамақтарды ішпестен бұрын оның дәмін, иісін иіскеп қарап ішу керек. Егерде тамақтан жағымсыз иіс шығып, дәмі біртүрлі болса ішпеген жөн. Ондай тамақтардан уланып қалуларың мүмкін.

- Ал, дәрумендер
дегеніміз – тамақтың құрамында болатын, адам ағзасына өте маңызы бар заттар. Дәрумендер әсіресе жемістердің құрамында өте көп болады. Сондықтан күнделікті тамақта жемістерді көп пайдалану керек. Және оларды мұқият жуып жеген жөн. Дәрумендер адам ағзасына өте пайдалы. А, С, В, Д, Е дәрумендері болады.
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алап қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Дидактикалық ойын:
«Дәмін ажырат»
Мақсаты: балаларға тағам түрлерін дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Ойын шарты: Көздерін жұмып, тағам түрлерін дәмін тату арқылы ажыратады.

Рефлексифті – түзетушілік
- Балалар бүгін немен таныстық?
- Бізге қонаққа келді?
- Аспазшы апайға рахмет айтып шығарып салу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Азық – түлік, дәрумендер сөздерімен танысады;
Игереді: Тағам түрлерін игереді;
Меңгереді: Дәрумендердің пайдасын меңгереді.

Тәрбиеші: Сундетова Н. Д.

Азық – түліктер. Дәрумендер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама