Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Денсаулық – асыл қазынам
Денсаулық – асыл қазынам
Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері бүгінгі жаздық маусымдық іс - шаралар аясына орай денсаулық күніне байланысты «Денсаулық асыл – қазынам» атты эстафеталық сайысымызға қош келіпсіздер.

Жүргізуші: Денсаулық ол шыныққан
Барлық адам мүшесі
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке - тамыр жүйесі - дей отыра жарысымызға қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Денсаулық ол күлуін
Көңіл - күйін жадырай
Денсаулық – ол жүруін
Ешбір жерін ауырмай – деп сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
1. Балабақша әдіскері -
2. Балабақша психологы -
3. Балабақша тәрбиешісі -

Жүргізуші: Бақшамызда басталған
Дайын болып жарысқа
Жүгір, секір қалыспан
Жеңілмейік жарыста - дей отыра, бүгінгі сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

1 - ші бөліміміз «Тез жүгір» сайысы.
Ойын шарты: Кедергілер арасымен шапшаңдылықпен жүгіріп өту.
(құралдары: Кедергілер)

2 - ші бөліміміз «Кім епті» сайысы
Ойын шарты: Гимнастикалық орындық үстімен еңбектеп, текшелер арасымен жүгіріп өтіп, кері жүгіріп қайту.
(құралдары: Гимн. орындық, текшелер)
Ендеше әділқазылар алқасы осы 2 бөліміміздің бағасын берейік.

Жүргізуші. Ән салайық күнде біз
Шаттыққа толы бақшамыз
Біз бақытты баламыз
Әсем әнге саламыз - деп «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерінің «Көбелектер» әнімен қарсы алайық.

Жүргізуші: Ендеше әрі қарай ІІІ - бөліміз «Тез домалат» бастаймыз.
Ойын шарты: Допты бір - бірлеп домалату арқылы, межеден айналып өту.
(Құралдары: Доп, меже)
Жүргізуші: ең соңғы сайысымыз «қарғып секір» сайысын бастаймыз.
Ойын шарты: Кругтан - кругқа секіріп, алға қарай қоянша секіріп, межеден айналып қайту.
Жүргізуші: Әділқазылар алқасының бағасы дайын болғанша балабақша бүлдіршіндерінің «Айналайын ақ мамам» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Біреу озса жарыста
Біреу артта қалады
Жеңілмей еш сайыстан
Тараса енді жарады - деп бүгінгі сайыстың қорытындысын бағалауға әділқазыларға сөз кезегін береміз. Қатысушыларды марапатталды. Осымен бүгінгі «Денсаулық асыл - қазынам»атты сайысымыз аяқталды.

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Баутин ауылы
"Ақбота"балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы А. Ермекбаева

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама