Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Еңбектеп жүру
«Балбөбек» тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Еңбектеп жүру.
Мақсаты: 1. Гимнастикалық орындық үстімен жүруге үйрету. 2. Еңбектеп жүруге үйрету арқылы ептілік, шапшаңдық сияқты қасиеттерді дамыту. 3. Допты бастан асырып, екі қолмен лақтыру.
Көрнекіліктер: әр балаға екі текшеден, бала санына қарай орташа көлемдегі доптар (диаметрі 20 - 25см), гимнастикалық орындық (ұзындығы 2, 5 - 3м, ені 30 - 25см, биіктігі 25 - 30см)

Дәлелдеу - ояту
Бағытты өзгертіп, педагогтің соңынан жүгіру. Бөлменің әртүрлі жерлерінде тоқтау (шашырап кету).
Ұйымдастыру - іздену
1. Текшелермен орындалатын ЖДЖ:
Б. қ.: аяғымызды иығымыздың деңгейіне қойып тұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз. Шынтақтарымызды бүкпей, қолдарымызды қосамыз, текшелерді бір - біріне соғып ұрамыз, қолдарымызды екі жаққа созамыз.
Б. қ.: етпетінен жатып, қолдарымызды бүгеміз, текшелерді иыққа көтереміз. Қолдарымызды алға қарай созамыз, б. қ. оралу.
Б. қ.: текшелер қолдарымызда, оларды түсіріп тұрамыз. Жартылай отырамыз, еденге текшелерді тигіземіз, тік тұрамыз, қолдарымызды жоғары көтереміз.
Текшелерден екі аяқпен секіру (15 - 20сек.).
Тәрбиеші: Куатова Е. Ж.
Еңбектеп жүру. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама