Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Денсаулық - зор байлық. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Сабақтың тақырыбы Денсаулық - зор байлық.
Бас әріппен жазылатын сөздер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1. 8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1. 9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнай түсті даламыз.
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз!
Қайырлы таң, балалар,
Қайырлы таң, апайлар!
Добрый утро всем нам,
Добрый утро всем гостям!
Good morning, good morning,
Good morning to you!

Топқа бөлу.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Ақтау», «Каспий», «Әли»
Сабақтың ортасы 13 минут
«Болжау» әдісі
Суретті көрсете отырып, мәтіннің тақырыбы туралы не айтуға болатынын болжап айтады.
Тыңдалым
1 - жаттығудағы «Дәмді сорпа» мәтінін өзім мәнерлеп оқып беремін.
Айтылым.
Балалар мәтін бойынша бір - біріне сұрақ қояды.
- Мәтіннің кейіпкерлерін ата.
- Екеуі не істеді?
- Олардың қасына кім келді?
- Жарылғап балаларға не деді?
Балалардың жауаптарын толықтыру, қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын:
- Мәтіндегі негізгі ойды айтып көр.
- Балық туралы не білесіңдер?
Бейнежазба көрсетіледі.
Оқылым
Мәтінді тізбектей оқытып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызу, неліктен бас әріппен жазылатынын сұрау.
Ережені есте сақта:
Адамның және жер - су аттары бас әріппен жазылады: Досан, Қарағанды, «Балуан Шолақ» спорт кешені.
Жазылым:
2 - жаттығу. Мақалды қатесіз, көркем етіп көшіріп жазу. Мағынасын ашу.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
3 - жаттығу. «Балық аулау» ойыны
Суреттегі балықтарды таңдап, олардағы жасырынған сөздерді оқу, сұрақ қою, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау. Құраған сөйлемдерді жазу.
Кітап, балық, торғай, орындық.
Бас әріппен жазылатын сөздер. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама