Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Облыстық семинар. Мектеп дефектологының құжаттарының жүргізілуі
Облыстық семинар
Мектеп дефектологының құжаттарының жүргізілуі
Педагог - дефектолог келесі қызметтерді атқарады:
Әрбір оқушының дамуын толық зерттеп, оқуға қабілетін анықтайды.
Оқушының негізгі белсенділігін, психикалық барысын арттырады. Соның ішінде оқушының зейінін, есін, қабылдауын және ойын дамытады.
Оқушылардың коммуникативтік қызметін дамытады.
Мектепалды кезеңі - ойын қызметі, оқушылар мұңымен дефектологиялық көмек алып, оқу тәрбие процесінің барлық саласындағы мамандар жұмысын қамтиды. Дефектологтың жұмыс мазмұны тұтас шаралар кешенін құрайды: оқушылармен сабақ өткізеді, динамикалық дамуын бақылап, ата - аналар мен мектеп әкімшілігіне ұсыныс береді.
Қыркүйек айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша мектепшілік консилиум шешімі негізінде, оқушылар дефектологтың сабағын алуға ұсынылады. Соңғы диагностика мамыр айында өткізіледі.
Әрбір қабылданған оқушыға дефектологиялық ұсыныс жазылады.
Зерттеу қорытындысы бойынша оқушыға түзете - дамыту бағдарламасы жасалады. Соның ішінде оқушының негізгі әрекеті қай деңгейде екені көрсетіледі.
Топтарға бұзылысының құрылымы бірдей оқушылар алынады. Түзету сабақтары сабақтан тыс кезінде өткізіледі.
Барлық бағытын жоспарлауға байланысты: диагностикалық, түзете - дамытушылық, ағартушылық - кеңес беру және құжаттарды тиянақты жасақтап, ретімен жүргізілу міндеттеледі.
1. Педагог - дефектологтың құжаттар тізімі.
1. Оқушыны зерттеу картасы
(Оқушыға арналған диагностикалық карта, оқушыны зерттеу хаттамасы)
Диагностикалық карта
Оқушының аты - жөні: Рустам
Жасы: 9 жаста
Өтілген уақыты: 1 - 20 қыркүйек 2013 жыл
Оқушыға арналған дефектологиялық зерттеудің үлгісі
Тапсырмалар
Аты - жөнін білуі --------- Аты - жөнін жазу біледі.
Отбасы туралы түсінігі Отбасы ------ туралы түсінігі орташа.
Дене мүшелерін көрсетуі ------ Дене мүшелерін біледі.
Қоршаған орта туралы түсінігі ------ Қоршаған орта туралы түсінігі орташа.
Жыл мезгілдерін білуі ------ Жыл мезгілдерін біледі.
Пішіндерді айыру ------ Пішіндерді ажырата алады.
Түстерді айыру ------ Түстерді таниды.
Суреттен заттарды айыру ------ Заттарды айыра алады.
Үлкен - кішіні айыру ------ Үлкен, кіші ұғымын айыра алады
Математикалық ұғымдарын қалыптастыру /қосу, азайту, көбейту/------ Қосып, азайту ұғымын біледі.
«Көп - аз» түсінігі ------ Аз, көп ұғымын біледі.
Суреттегі іс - әрекетті түсінуі, көрсетуі ------ Суреттегі іс - әрекетті көрсете алады.
Мазмұнды суретке қарап өз ойын айта алу / “Күзгі бақта”/ ------ Мазмұнды сурет бойынша өз ойын айта алады.
Сюжетті - рөлдік ойындарды ойнауы. ------ Сюжетті - рөлдік ойындарды ойнауы қалыпты.
Жануарларды тануы (қалай дыбыстайды) ------ Жануарларды таниды.
Заттардың ара қатынасын білуі. ------ Заттардың ара қатынасын біледі.
Суреттен бес айырмашылығын табу “ Кірпі мен қоян” ------Бес айырмашылықты таба алады.
Заттарды топтастыруы ------Заттарды топтастыра біледі.
Сурет салуы / Сурет салу біледі.
Он сөздің ішінен бес сөзді есіне сақтауы ------Есте сақтау қабілеті орташа.
Пішіндерді үлгіге қарап көшіру ------Пішіндерді үлгіге қарап сала алады.
Текшелерден үй құрастыру ------Текшелерден үй құрастыра алады.
Ұсақ моторикасының дамуы ------Қалыпты.
Ірі моторикасының дамуы ------Қалыпты.

Батыс Қазақстан облысы,
Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы
Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Педагог - дефектолог: С. В. Макеева
Облыстық семинар. Мектеп дефектологының құжаттарының жүргізілуі. жүктеу​​​

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама