Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дүние жүзінің табиғат ресурстарын қайталау
Сабақ тақырыбы: Дүние жүзінің табиғат ресурстарын қайталау
Мақсаты:
1. Оқушыларға дүние жүзінің табиғат ресурстары тақырыбынан алған білімдерін пысықтау.
2. Экологиялық білім беру.
3. Ой – өрісін дамыту.
Сабақ типі: қайталау сабақ.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес.
Әдісі: Сұрақ - жауап арқылы, тест арқылы.
Пән аралық байланыс: биология.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сыныпты 2 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.

І. Сұрақ бізден – жауап сізден.
1. ХІХ ғасырдың басында негізгі энергетикалық ресурс ағаш болып келді ме? Ия.
2. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстармен қамтамасыз етілуі бірдей. Жоқ.
3. Мұнай қоры 40 жылға жетеді деп болжам жасауда. Ия.
4. Отын түрлерінің ішінде әлемдік қоры өте молы мұнай. Жоқ.
5. Пайдалы қазбалардың ішінде маңыздысы темір кені. Ия.
6. Марганец кенін өндіруден ТМД алдыңғы орында. Ия.
7. Адамзатқа қажетті тамақ өнімдерінің 88 %- ын өңделетін жер береді. Ия.
8. Қазақстанда егістікке жарамды жер 190 млн. га. Жоқ.
9. 1 тонна мыс алуға 500 м3 су қажет. Ия.
10. Адам пайдаланатын теңіз биомассасының 100 %- ын балықтар құрайды. Жоқ.

ІІ. Тапқырлар сайысы:
Берілген табиғат ресурстарын топтастыр:
Мұнай, орман, бидай, Сарыағаш, көмір, Балхаш, қор, темір, тоғай, сұлы, Ніл, Көкшетау, мыс, жаңбыр, жылқы, шабындық, егістік, Каспий, Есіл, бұршақ, асбұршақ, магний, титан, күнбағыс, жел, Ахмет Йассауи кесенесі.
ІІІ. Сәйкестендіру тесті.
1. Табиғат ресурстарын көп тұтынушы ------------------а) экономикасы дамыған елдер
2. Дүниежүзілік табиғи газ қоры --------------------------ә) экономикасы дамушы елдер
3. Табиғат ресурстарын өндіруші, экспорттаушы -----б) 146 млрд м3
4. Дүниежүзіндегі таскөмір өндіру ----------------------- в) 85 мың
5. Темір кені қоры ------------------------------------------- г) 13, 1 млрд га
6. Әлемдік жер қоры ---------------------------------------- ғ) 600 млрд т
7. Қазақстандағы өзендер саны --------------------------- д) 3, 5 млрд т
8. Мәдени және табиғи ресурстар ------------------------ е) Шымбұлақ
9. Минералды сумен емделу ------------------------------- ж) Қапшағай
10. Денсаулық түзеу ------------------------------------------ з) өсімдіктектес
11. Рекреациялық - спорттық ------------------------------- и) Сарыағаш
12. Рекреациялық – іздену ----------------------------------- к) Отырар, Түркістан

Қорытынды: Сонымен балалар, дүние жүзінің табиғат ресурстарын тиімді, ысырапсыз пайдалану өз қолымызда.

Бекіту: Сөзжұмбақ «Экология»
ОПЭК
КҮРІШ
ФОСФОРИТ
ВОЛЬФРАМ
ОТЫРАР
ЕГІСТІК
ГИДРОСФЕРА
БРАЗИЛИЯ

1. Мұнай экспорттаушы
2. Биологиялық ресурс.
3. Металл емес минералды ресурс
4. Пайдалы қазба.
5. Қазақстанның көне қаласы.
6. Жер ресурсы.
7. Су қабаты басқаша
8. Кофе мен темірге бай ел.

Бағалау.
Үйге тапсырма: қайталау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама