Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ұзын - қысқа ұғымдары
Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: «Сенсорика»
Тақырыбы: «Ұзын - қысқа»
Мақсаты: «Ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру бетіне қою әдісі арқылы ұзындықты салыстыруды үйрету, сондай - ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімді қолдана білуге үйрету, қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, көз мөлшерді дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар: ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша жолдар ұзыны – жасыл және қысқасы - көк, әр балаға әртүрлі түстен 1 машина, түрлі ұзындықтағы ленталар, әр балаға жолдардың түсіндей үйдің суреті бейнеленген 2 данадан карточкалар.
Сөздік жұмыс: Ұзын, қысқа.
Билингвальды компонент: үй - дом, жол - дорога.

Мотивациялық қозғаушылық
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
Күз мезгілінде неше ай болады?
Үш ай болады.
Қане, күз айларын атап айтайықшы?
Қыркүйек, қазан, қараша. Іздену ұйымдастырушылық:
Тосын сәт: Есік қағылып, музыка әуенімен ішке Сайқымазақ келеді. Қолында үш түрлі шары болады. Сайқымазақ балалармен амандасады. Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе!
Сайқымазақ: Балалар менің атым - Сайқымазақ. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Мына қолымдағы шарлардың ішінде, сендерге алып келген тапсырмаларым бар, сол тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін.
Тәрбиеші: Қане, балалар Сайқымазақ бізге қанша тапсырма алып келгенін білу үшін, оның қолындағы шарларды санап, түсін айтайық.
Ал, балалар Сайқымазақтың қолындағы шарларын санайықшы?
Біреу, екеу, үшеу.
Барлығы қанша шар болды?
Үш шар болды.
Сайқымазақтың тапсырмасы осы шарлардың ішінде, оны орындау үшін шарды бір - бірлеп жаруымыз керек. Бір бала шығып, шарды жарады да, ішінен тапсырманы алып орындайды.

I - тапсырма: Теледидар арқылы суреттерді көрсету. Сұрақ - жауап арқылы.
Ендеше, барлығымыз мына теледидарға қарайықшы? Мынау кімдердің суреті?
Балалардың суреті.
Мына баланың бойы ұзын ба, қысқа ма?
Қане, кім айтады?
Ұзын бала.
Ал мына баланың бойы ше? Қысқа.
Мынау қандай карандаш?
- Ұзын карандаш.
Ал, мынау қандай карандаш?
- Қысқа карандаш.
Мынау нелер?
- Жолдар.
Мынау қандай жол?
- Ұзын жол. Ия, ұзын жол.
Ал, мына жол қандай? Қысқа жол.
Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ал, келесі тапсырманы орындау үшін, екінші шарымызды жарып көрейікші, оның ішінде қандай тапсырма бар екен? Қане, кім шарды жарады?

II - тапсырма: Геометриялық пішіндерді ата? (Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек ).
Балалар пішіндердің атын атап, түсін айтады.

III - тапсырма: Ұзын - қысқа заттарды салыстыра білесіңдер ме?
Бұл тапсырманы орындау үшін, бір ойын ойнауымыз керек, балалар.
Дидактикалық ойын: «Байқағыш».
Мақсаты: Заттың түрін, көлемін ажырата білу. Баланың ойлау қабілетін дамыту.
Балалар мынау не?
Қоян.
Қоянның неше құлағы бар?
Қоянның екі құлағы бар.
Ал, аяғы нешеу екен, санайықшы?
Біреу, екеу, үшеу, төртеу.
Қоянның мынау несі?
Құйрығы.
Ал, осы қоянның құйрығы ұзын ба, құлағы ұзын ба?
- Құлағы ұзын.
Дұрыс айтасыңдар, құлағы ұзын екен. Қоян не жейді?
- Сәбіз жейді.

Қимылды ойын: «Сәбіздерді жина».
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сайқымазақ:
- Қандай қызық ойын болды, маған ұнап қалды.
Жарайсыңдар, балалар. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, Сайқымазақпен бірге бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен болып өседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама