Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Дүниетану пәнінен 3-сыныпқа ашық тест
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы,
№2 Аманқарағай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л. М.

№ Сұрақтар: Жауаптары:
1 Адам жануарлардан немен ерекшеленеді? 1. Ақыл ойы жоғары дамыған, тіршілік иесі
2 Адам денесінің негізгі бөліктерін ата 2. Жүрек, ми, өкпе, асқазан.
3 Адам қаңқасы қандай қызмет атқарады? 3. Қаңқа – адам денесінің тірегі. Ол ішкі ағзаларды зақымданудан қорғайды.
4 Бұлшықет не үшін керек? 4. Сүйектер мен буындарды қозғалысқа келтіреді.
5 Ми қандай қызмет атқарады? 5. Адамның ойлауы және басқа мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі мимен байланысты.
6 Қан айналым жүйесі неден тұрады? 6. Жүрек, артерия, күре тамыр
7 Бүйрек туралы не білесің? 7. Адамның екі бүйрегі болады. Олар омыртқа жотасының екі жағында орналасқан. Қоңыр қызыл түсті болады. Пішіні үрмебұршақ.
8 Адам қаңқасының сүйектерінің жалпы саны қанша? 8. 206
9 Жүйке жүйесіне нелер жатады? 9. Ми, жұлын, жүйке
10 Баланың ағзасында неше литр қан бар? 10. 3 литр
11 Кеуде де неше жұп қабырға бар? 11. 12
12 Терінің маңызын ата 12. Қорғаныштық, сезімталдық, бөлу, жылу реттеу
13 Жүрек неден тұрады? 13. Екі жартыдан (артерия ж/е күре тамырдан)
14 Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады? 14. 33 - 34
15 Қол мен аяқ сүйектері бір - бірімен не арқылы жалғасады? 15. Буындар арқылы

Тақырыбы: Табиғат.
Тест №2

№ Сұрақтар: Жауаптары:
1 Табиғат деген не? 1 Айналаны қоршаған орта
2 Табиғат заттарын, құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын не дейміз? 2. Тәжірибе
3 Тірі табиғатты ата 3. Адам, жануар, өсімдік.
4 Табиғат денелері мен құбылыстарын зерделеуге қандай математикалық өлшемдер пайдаланады? 4. Таразы
5 Сағат пен күнтізбе не үшін керек? 5. Күнтізбе бойынша қай ай, аптаның қай күні екенін білесің. Сағат уақытты анықтау үшін қажет.
6 Күнтізбеде уақыт қалай бөлінеді? 6. Бір жыл 12 айларға бөлінеді.
7 Бір айда неше күн бар? 7. 30 - 31 күн
8 Желдің күші мен бағытын анықтайтын құралдың 8. Желбағар
9 Температураны немен өлшейді? 9. термометрмен
10 Термометрлердің түрлерін ата 10. Бөлме ішілік, суды өлшейтін, медициналық, далаға арналған.
11 Жер бетінің биік бөлігін не деп атайды? 11. Тау
12 Топырақ деген не? 12. Жер бетінің өсімдік өсетін жоғарғы қабаты
13 Жаңбыр қайдан пайда болады? 13. Су тамшыларының бірігіп, ауырлануынан
14 Топырақтың негізгі қасиетін ата 14. Құнарлығы
15 Қостанай облысы қандай жерде орналасқан? 15. Жазық

Тақырыбы: Денелер. Заттар. Құбылыстар.
Тест №3
№ Сұрақтар: Жауаптары:
1 Дене деген не? 1 Кез келген зат, кез келген жаны бар нәрсе
2 Денелердің неше түрі бар? 2. Жасанды, табиғи
3 Қандай денелер жасанды деп аталады? 3. Адам қолымен жасалған
4 Табиғи дене нешеге бөлінеді? 4. Тірі, өлі
5 Дене неден тұрады? 5. Заттан
6 Заттар қандай күйде болады? 6. Қатты, газ тәріздес, сұйық
7 Құбылыс деген не? 7. Табиғатта өтетін өзгерістер.
8 Табиғи құбылыстарын ата 8. Найзағай, қар және жаңбыр жауыны.
9 Қандай табиғат құбылыстары апат деп аталады? 9. Жер сілкіну, су тасқыны, сел, дауыл.
10 Апат адамға не әкеледі? 10. Апат қашанда қайғы - қасірет, қорқыныш әкеледі.
11 Қандай денелердің құрамы күрделі? 11. Тірі(өсімдік - су, қант, крахмал...)
12 Зат деген не? 12. Дененің құрамы
13 Ақ жауын деп қандай жауынды айтады? 13. Күні бойы жауатын жаңбыр
14 Үй, машина, кітап, дәптер қандай денелер? 14. Жасанды
15 Арыстан арқырады, Айнала жарқырады(бұл не?) 15. Найзағай

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама