Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды қолдану
Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Қант зауыты орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Тулегенова Кульмира Сагимбековна

8 сынып
Тақырыбы: Төртбұрыштар мен үшбұрыштарды қолдану (Сыныптан тыс сабақ).
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың қасиеттерін, аудандарын табу формулаларын, периметірлерін есептеу формулаларын қайталай отырып, оларды қолдана білуге дағдыланады. Геометриялық фигуралардың өмірде қолданылу жайлы өзіндік көзқарастары қалыптасады. Олар бірлесе жұмыс жасауға, жауапты, ұқыпты болуға тәрбиеленеді.
Алдыңғы оқу: Төртбұрыштар; төтбұрыштар мен үшбұрыштар аудандары, рериметрлері.

Басталуы 8 минут
Геометриялық фигуралар таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Таңдап алған геометриялық фигураларға сәйкес мінездемелермен танысады.
Топтар бір - бірлеріне тілектер айтып, сыныпта ынтымақтастық орнатады.
Оқушылар ребус шеше отырып, сабақтың тақырыбымен танысады. Тақырыпқа сәйкес сабақтың табыс критерийлерін анықтайды.

Ортасы 30 минут
«Он сұрақ» ойыны арқылы, төртбұрыштар мен үшбұрыштар қасиеттерін қайталайды. «Сәйкестендір» әдісін қолдана отырып, суреттегі фигураларға сәйкес формулаларды анықтайды.
Семантикалық картамен жұмыс жасай отырып, жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін қайталайды.
Әр топтағы оқушыларға үлестірмелі қағазда жазылған тапсырмалар беріледі. Берілген тапсырмаларды орындау барысында әр кім жазықтықтағы геометриялық фигураларды қолдана отырып, үйдің бейнесін және үйдің ауласының суретін салып, сурет бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді.
- Осы салынған сурет арқылы сендер қандай ой түйдіңдер?...
- Геометриялық фигураларды қайда қолданамыз? Мысалдар келтіріңдер.
Әр топ тақтада ілінген нөмірді таңдау арқылы, суретте салынған фигураның бірін «RAFT» әдісін қолдана отырып сипаттайды.
«Іс тәжірибе алаңы». Шарты: Әр топқа геометриялық фигуралар таратып беру. Топтағы оқушылар фигуралардың қажетті өлшемдерін жасап, ауданын, периметрін, белгісіз элеметтерін табады. Оны тақтада қорғайды.
«Sinkuein» стратегиясын қолдана отырып төртбұрыштар туралы өлең шығару

Аяқталуы 7 мин
«Бессаусақ» әдісі бойынша кері байланыс алу. Үйге тапсырма: І, ІІ тарауларды қайталау, төртбұрыштардың ауданын табуға 3 - 4 есеп құрастыру. Топтар бір - бірін бағалайды. Топ бақылаушысының бағалау парағының нәтижесі тыңдалады.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама