Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Дидактикалық материалдар (Қазақ тілінен орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптарға арналған)
Дидактикалық материалдар (Қазақ тілінен орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптарға арналған)
«Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін - еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл - қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл»
/Н. Ә. Назарбаев/

Логикалық тапсырмалар
Қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгерту үшін логикалық тапсырмалар қолдану да көзделеді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін қазақ тілі пəнінен аталған тапсырмаларға баса назар аудару қажет.
Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп, есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, есте сақтау қабілеттері шыңдалады, тіл байлықтары дами түседі. Оқушының өзіндік пікір айтып, оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Ойнайық та ойлайық
1 - жаттығу. Əріптерден сөз жина:
өкз, лоқ, мала, оыйн.

2 - жаттығу. Жаңа сөз құрау
Қ..
Қ...
Қ....
Қ.....
Қ......
Қ.......

3 - жаттығу. Сандарды сөзбен жаз.
18 орындық, 7 оқушы, 2 кітап, 36 дəптер, 50 алма, 10 терезе.

4 - жаттығу. Көп нүктенің орнына н, ң əріптерін қой, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны.....

5 - жаттығу. Жұмбақты оқы, шеш.
Ыдыста бар,
Сарыда бар.
Кітапта жоқ,
Қарада жоқ.
Тиында бар,
Арыстанда бар.
Тиінде жоқ,
Пілде жоқ.

6 - жаттығу. Берілген сөздерді əліпби ретімен жаз.
А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.
Ə) Əсем, Сырым, Райгүл, Айбек
Б) Қалам, дəптер, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ə) __________________________________________
Б__________________________________________

7 - жаттығу. сөздерді үлгі бойынша жекеше, көпше жікте.
Жекеше түрі
І жақ. Мен оқушымын. Я ученик.
ІІ жақ. Сен
ІІ жақ. Сіз
ІІІ жақ. Ол
Көпше түрі
І жақ. Біз
ІІ жақ. Сендер
ІІ жақ. Сіздер
ІІІ жақ Олар

8 - жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап.
Дыбысы жоқ болса да,
Əліпби де орны бар.
Оқылмайтын жазса да,
Қай белгі ол, табыңдар.
Шешуі _______ ____

9 - жаттығу. Өлеңді оқып, əр дыбыстың өз орнын тап.
«А» дегенің – Ана,
«Б» дегенің – бала.
«Б» дегенің – баға,
«Бестен» басқа алма.

10 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қазақ тіліне тән дыбысты қой, сөздерді аудар.
Б... теу, о... ушы,... ліпби, жа... сы, аты - ж... ні, үнд...,... депті, да... ғыл, а... ылды, с... йлем, қа... аз.

11 - жаттығу. Ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.
Үлгі: Ұ дыбысы: Ұядан, ұмытшақ, ұлу, ұшқыш, ұзартқыш,...
Ү дыбысы: Үйге, үйірсек, үкі, үстел, үн жария,...

12 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті əріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, гəу... ар, …адиша, жи…аз, …оккей, қа…. арман, пла…, …емпион, бор…, кон... ерт,.... ифр,... абар.
13 - жаттығу. Анаграмма «К» əрпіне
К
К
К
К
К
К
К

Тағам түрі
... білім бұлағы
Жер қазатын құрал
Қыста ұйықтайтын жануар
Спорт түрі
Жəрдем жасау
Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

14 - жаттығу. Суреттегі қай затта ң əрпі жазылады.

«Ұлан ауданының білім бөлімі» ММ
«Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Мамиева Сандугаш Катиетолдановна
Дидактикалық материалдар (Қазақ тілінен орыс тілінде оқытылатын бастауыш сыныптарға арналған). жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама