Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Экологиялық ертегілермен саяхат
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Кіші сала: Экология негіздері
Тақырыбы: Экологиялық ертегілермен саяхат.
Мақсаты: Балаларды батырлардың ерліктерін түсініп, талдай білуге және оларды табиғаттағы ережелер бойынша бағалауды меңгерту. Балаларға өз сезімдерін жеткізе білуге, табиғаттың байлығын сақтауды үйрету.
Билингвалдық компанент: ертегі - сказка

І кезең
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды ертегілер бұрышына шақыру.
Ойлауға ұсыну
Қандай ертегілерді білесіңдер ме?

ІІ кезең
ұйымдастырушылық ізденіс
Ертегілерде қандай кейіпкерлер болады?
Сендердің сүйікті ертегілерің қалай аталады?
Ертегілер жайлы түсінік беру, ертегілер бірнеше түрге бөлінеді, қиял ғажайып, хайуанаттар, тұрмыс - салт ертегілері.
Әр ұлттардың өз ертегілері бар.
Ертегілерде қоршаған ортаның сұлулығы, табиғаттың сұлулығы бейнеленеді. Кейіпкерлері де әр түрлі болып келеді.
Балаларды батырлыққа, еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа тәрбиелейді.

Сергіту сәті:
Мақал - мәтел
Қоянды қамыс өлтіреді,
Батырды намыс өлтіреді.

Батырға оқ дарымайды,
Батырға жау жоламайды.
Балалар мақал - мәтелде не туралы айтылған?
Батыр деген қандай болады?

Балалардың назарын бейне слайдқа аудару.
Осы бейне слайдта қандай ертегі туралы көрсетілген?
Мақта қыз үйдің ішін сыпырып жүріп не тауып алады?
Нені шақырады?
Мысық неге келмейді?
Осы ертегіде қыздар ағашқа су құяды.
Проблемалық сұрақ:
Біз неге өсімдіктерге су құямыз?
Өсімдік өсу үшін не керек?
Енді есімізге «Қырыққабат пен Қияр» туралы ертегіні есімізге түсірейікші.
Көкөністерді өсіру үшін су, ауа керек және не керек?
Күн суық болғандықтан қияр тоңған екен. Сонда өсімдіктерге өсу үшін не керек?

Тәрбиеші: А. Т. Бейсенова
«Алтын сақа» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Экологиялық ертегілермен саяхат. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама