Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Диктанттар жинағы 1-4 сыныптар
1- сынып
Менің үйім

Бұл – менің үйім. Менің үйім әдемі. Үйдің терезелері үлкен. Терезенің алдында гүлдер бар. (13 сөз)
Көктем
Көктем келді. Жылы жақтан құстар ұшып келді. Бәйшешек, қызғалдақтар көп шықты. Мен анама гүл сыйладым. (15 сөз)

Достар
Жанат пен Манат өте жақсы достар. Екеуі бір сыныпта оқиды. Жанат пен Манат ақылды балалар. (15 сөз)

2 - сынып
Отбасы

Менің отбасым үлкен емес. Отбасымда төрт адам бар. Әкем мен шешем қалада жұмыс істейді. Ағам төртінші сыныпта оқиды. Мен екінші сыныпта оқимын. (22 сөз)

Менің досым
Менің досымның аты – Марат. Ол мейірімді, ақылды дос. Оның мінезі жақсы. Ол ата - анасына көмектеседі. Марат бос уақытында сурет салады, футбол ойнайды. (21сөз)

Киімдер
Киімнің түрлері өте көп. Олар: бас киімдер, сырт киімдер, аяқ киімдер. Бас киімдердің тақия, тымақ, бөрік, сәукеле деген түрлері бар. (20 сөз)

Сүйікті іс
Мен бос уақытымда сүйікті ісіммен айналысамын. Менің сүйікті ісім сурет салу. Мен аптасына бір рет табиғатқа шығып, сурет саламын. Суретім өзіме ұнайды. (22 сөз)

Ойыншықтар дүкені
Біздің қалада ойыншықтар дүкені өте көп. Ең үлкен дүкен орталықта орналасқан. Онда неше түрлі ойыншықтар бар. Мен үлкен қонжық сатып алдым. (21 сөз)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама