Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна (таныстыру өлеңі)
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна (таныстыру өлеңі)
Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы,
№13 орта мектеп гимназиясының биология пән мұғалімі
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна

«Әдемі қыз – көзіңе жақын, әдепті қыз көңіліңе жақын»
Таныстыру.

Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.

Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да төтенше маған талап.

Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағуандай гүл күткен аялаймын.

Ұландарым — ұятым, ар-намысым,
Бала — менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін.

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл-ойым, жігерім — жер жемісім…
Бәрідағы балаға — оқушыма,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама