Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Динамика негіздері
Қостанай облысы, Науырзым ауданы,
«Дәмді орта мектебі» ММ
Физика пәнінің мұғалімі
Байгенжина Динара Егеубайқызы

Физика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Динамика негіздері» тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтау, білімді игеру деңгейлерін бағалау;
Дамытушылық: оқушылардың осы тарауда нені білді, алған білімдерін есте сақтау мақсатында ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тапсырма парақтар

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сайыс кезеңдері
1) «Қарлы кесек?» ойыны
2) «Кім жүйрік?» деңгейлік тапсырма
3) «Кім жылдам?» (формуланы толықтыр)
4) Ойлан - тап (постермен жұмыс)
5) Рольдік ойын (мұғалім, дәрігер, инженер)
6) Тест
3. Қорытынды
4. Үйге тапсырма

Сайыстың кезеңдері:
1) «Қарлы кесек?» ойыны
2) «Кім жүйрік?» деңгейлік тапсырма
3) «Кім жылдам?» (формуланы толықтыр)
4) Ойлан - тап (постермен жұмыс)
5) Рольдік ойын (мұғалім, дәрігер, инженер)
6) Тест
7) Қорытындылау, бағалау

1 - тапсырма: «Қарлы кесек?» ойынында әр топ берілген тапсырма бойынша сұрақ қойып, келесі топқа беріледі, ауызша жауап тыңдалады.
1 - топ: «Күш»
2 - топ: «Масса»
3 - топ: «Дененің салмағы»

Әр топ өзара бағалайды

2 - тапсырма: «Кім жүйрік?» / есептер шығару/
1 - топ 1. Массасы 2т автомобиль орнынан қозғалып, 10 ішінде 100 м жол жүрді. Тарту күшін табыңдар. /4 кН/
2. 50мН күш әсер еткенде дене 0, 2 м/с2 үдеу алады. Егер дене тыныштық қалпынан 30 түзусызықты қозғалса, онда оның орын ауыстыру қандай болады? /90м/

2 - топ 1. Массасы 0, 5 кг доп 0, 02с уақытқа созылған соққыдан 10м/c жылдамдық алады. Соққының орташа күшін табыңдар. /250 Н/
2. Қатаңдығы 105 Н/м болатын тіркеу тросымен массасы 2т автомобильді 0, 5 м/с2 үдеумен сүйресе, трос қаншаға ұзарады? Үйкеліс ескерілмейді. /0, 01м/

3 - топ 1. Массасы 2т автомобиль тас жолмен бірқалыпты қозғалып барады. Егер дөңгелектерге әрекет ететін кедергі коэффициенті 0, 02 тең болса, автомобильдің тарту күші қандай? /0, 4 кН/
2. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен горизонталь ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0, 3 тең болса, серіппенің ұзаруын табыңдар. /0, 06м/

3 - тапсырма: «Кім жылдам?» (формуланы толықтыр)
4 - тапсырма: Ойлан - тап (постермен жұмыс)

1 - топ: Ньтонның 1 - ші заңы
2 - топ: Ньтонның 2 - ші заңы
3 - топ: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Әр топ өзара бағалайды (бағдаршам арқылы)

5 - тапсырма: Рольдік ойын (денелердің Жерге тартылу күші туралы)
1 - топ: Мұғалім /балалар «мұғалім» болып сөйлейді/
2 - топ: Дәрігер
3 - топ: Ғалым

Әр топ өзара бағалайды (бармақпен)

6 - тапсырма: Тест жұмысы
1 - топ:
1. Денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күш нөльге тең болғанда дене қалай қозғалады?
А/дененің жылдамдығы артады;
В/дененің жылдамдығы кемиді;
С/ дененің жылдамдығы нөлге тең;
Д/ денеге әсер етуші барлық күштердің тең әсерлі күші нөлге тең болғанда дене тұрақты жылдамдықпен қозғалады;
Е/ дененің жылдамдығы нөлге тең емес, уақыт аралығында өзгеріп отырады.
2. Күш моменті физикалық шама, ол неге тең?
А/ дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне;
В/ күш пен иінің көбейтіндісіне тең;
С/ күш пен бұл күштің әсер ететін уақытының көбейтіндісіне тең;
Д/ күш пен жылдамдығының көбейтіндісіне тең;
Е/ күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне тең.
3. Жоғары қарай 1 м/с2 үдеумен қозғалып бара жатқан лифтіде массасы 70 кг адам тұр. Адамға әсер етуші тең әcерлі күштің мәні және бағыты?
А/ 770 Н; В/ 700 Н; С/ 630 Н; Д/ 675 Н; Е/ 725 Н.
4. Дененің жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші
А/ дененің массасы;
В/ дененің үдеуі;
С/ дененің жылдамдығы;
Д/ дененің салмағы;
Е/ дененің импульсі
5. Ньютонның екінші заңы:
А/ денелердің бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама - қарсы;
В/ басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.
С/ денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Д/ екі дене бір - біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Е/ бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

2 - топ:
1. Қандай жағдайда қозғалыстағы дененің салмағы тыныштық күйіндегі салмағынан аз болады?
А/ дене бірқалыпты жоғары қозғалғанда;
В/ дене бірқалыпты үдеумен жоғары қозғалғанда;
С/ дене жоғары қарай үдеумен қозғалғанда;
Д/ дене бірқалыпты төмен қозғалғанда;
Е/ дене бірқалыпты үдеумен төмен қозғалғанда.
2. Серпімділік күші дегеніміз не?
А/ Жердің центріне бағытталған жерге тарту күші;
В/ бағыты денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара тартылыс күші;
С/ дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш;
Д/ денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш;
Е/ тіректің денеге әрекет ететін күш.
3. Массасы 1кг денені Жер бетінен 3м/с2 үдеумен жоғар көтеру үшін жұмсалатын күш?
А/ 13 Н; В/ 33 Н; С/ 10 Н; Д/ 30 Н; Е/ 7 Н.
4. Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын физикалық шама...
А/ дененің массасы;
В/ дененің үдеуі;
С/ дененің жылдамдығы;
Д/ дененің күші;
Е/ дененің импульсі
5. Ньютонның бірінші заңы:
А/ денелердің бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама - қарсы;
В/ басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.
С/ денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Д/ екі дене бір - біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Е/ бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

3 - топ:
1. Лифтімен байланысқан санақ жүйесін инерциал деп санауға болад, егер
А/ лифт еркінтүссе;
В/ лифт бірқалыпсыз жоғары қозғалса;
С/ лифт үдеумен төмен қозғалса;
Д/ лифт бірқалыпты төмен қозғалса;
Е/ лифт баяу жоғары қозғалса.
2. Үйкеліс күші дегеніміз не?
А/ Жердің центріне бағытталған жерге тарту күші;
В/ бағыты денелерді қосатын сызықтар бойымен бағытталған, денелердің өзара тартылыс күші;
С/ дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күш;
Д/ денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күш;
Е/ тіректің денеге әрекет ететін күш.
3. Рычагке әсер етуші күш 5Н. Күш иіні 0, 4 м болса, күш моменті неге тең?
А/ 5 Нм; В/ 2 Нм; С/ 0, 4 Нм; Д/ 20 Нм; Е/ 0, 16 Нм.
4. Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиеті..
А/ дененің уақыты;
В/ дененің үдеуі;
С/ дененің жылдамдығы;
Д/ дененің инерттілігі;
Е/ дененің импульсі
5. Ньютонның үшінші заңы:
А/ денелердің бір - біріне әрекет ету күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары бойынша қарама - қарсы;
В/ басқа денелермен өзара әрекеттеспейтін барлық денелер тыныштық күйін сақтайтындай немесе бірқалыпты және түзусызықты қозғалатындай инерциялық санақ жүйелері болады.
С/ денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал және оның массасына кері пропорционал.
Д/ екі дене бір - біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Е/ бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбита бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық.

Бағалау критерийлері
Үй тапсырмасы

Толық нұсқасны жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама