Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Шыңғыс Айтматовтың "Найман-Ана" ("Ғасырдан ұзақ күн" романнан үзінді
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Жаңашар ауылы, Т. рысқұлов атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Темиркулова Мадина Сулейменқызы

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «НАЙМАН - АНА»
Сабақтың мақсаты: 1. Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасата отырып, «Найман - Ана» әңгімесінің сюжетін меңгерту.
2. Оқыта үйрете отырып, оқушының танымдылығын арттыру. жазушының идеясын түсіне білуге баулу. Білім дағдыларын дамыту.
3. Оқушының ой - өрісін кеңейте отырып, тіл байлығын дамыту. Мәңгүрттіктен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: модульдік оқыту технологиясы.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: оқыта үйрету тәсілі, сұрақ - жауап
Көрнекілік құралдар: Ш. Айтматовтың шығармалары, сызба - схема, карта, карточкалар және буклет.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың барысы.
1. Кіріспе бөлімі
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов – бауырлас қырғыз халқының ұлы жазушысы. Ол 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстанның Талас облысының Шекер аулында дүниеге келген.
Ш. Айтматовты біз қырғыз - қазаққа ортақ жазушы дейміз. Олай дейтін себебіміз, ол Мәскеудегі әдебиет институтында оқып жүрген кезде қазақтың білікті, білімді сыншысы Қалжан Нұрмахановпен бірге оқиды. Сол кісінің ықпалы, әсері көп болады. Кейін әлем жазушыларының бел ортасында жүретін Мұхтар Әуезов те оған қамқор болған, көп көмек көрсеткен. Ш. Айтматов еңбектері өте мол.

2. Сөйлесу бөлімі.
І тур. Мәтінмен жұмыс.
а) Оқушыларды бес топқа бөліп, соған сәйкес шығарманы да мазмұны бойынша бес бөлікке бөле отырып оқытқызу.
ә) Әр топтағы оқушы өзі оқыған абзацқа ат қоя отырып, мәтінге тезис жасау.
б) Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.
«Найман – Ана».
І. Экспозициясы: Тарихқа көз жүгірту.
1. Құлдықта қалған тұтқындардың күні.
2. Аңызға айналған Ана - Бейіт зираты.
3. Ең ауыр жаза.
4. Ананың өз - өзімен сырласуы.
5. Тарихқа көз жүгірту.
ІІ. Басталуы: Саудагерлердің дастархан басындағы әңгімесі.
ІІІ. Дамуы: Найман - Ананың Сарыөзекке аттануы.
IV. Шарықтау шегі: Өз анасын танымаған жас жауынгер.
V. шешімі: Найман - Ананың өз баласының қолынан мерт болуы.

Қосымша қойылатын сұрақтар:
1. Сарыөзекті картадан көрсет.
2. Ананың монологы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?
3. Жуан - жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесің?
4. Ақ інгенді, Найман - Ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.
5. Қожа Ахмет Иассауи және Түркістан қаласы туралы не білесің?
6. Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.
7. Жазушы жуан - жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?

ІІ тур. Шығармашылық жұмыс. Танымдық сұрақтар.
1. Ана - Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?
Тапсырма: Мәтіннің мазмұнына жүгіне отырып жауап беру.
2. Мәңгүрт ұлын іздеп келе жатқан ана қандай психологиялық күйде болды?

Тапсырма: Мәтіннен тауып бер.
3. Жауыздыққа, оның асқан түрлі адамды ақыл - естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?

Тапсырма: Өзіндік ойын, пікірін айту.
4. Баласы тірі болса да ана не үшін жоқтау жырын айтты? «Жоқтау» туралы не білесің?
Тапсырма: ұлттық салт - дәстүр негізінде жауап беру.
5. Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер? Қазіргі заманның «мәңгүрттері» деп қандай адамды айтуға болады? Найман - Анадағы мәңгүрттің олардан айырмашылығы неде?
Тапсырма: Өмірмен байланыстырып өз ойыңды айт.

ІІІ тур «Мәтінді оқыта үйрету» ойыны.
а) Әр топ келесі топқа өздерінің оқыған бөлімдері бойынша ең қиын және оңай 3 сұрақ құрайды. Оған келесі топ жауап береді. Сұрақ қойған топ қарсыласының жауабын өздері бағалайды.
Оңай сұрақтар
1. Мәңгүрт деген баланың есімі кім?
2. Ана - Бейіт мазары қайда орналасқан?
3. - Жуан - жуандар деген кімдер?
Қиын сұрақтар
1. Ана - бейіттің қандай тарихы бар?
2. Ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналды?
3. Жазушы қандай әлемдік мәселені көтеріп отыр.

ә) «Қосжазба күнделік» стратегиясы.
Маған әсер еткен эпизод
Найман - Ананың Ақ інгенмен баласын жан ұшыра іздеуі.
Ананың аяусыз өлімі.
Ол туралы менің ойым
Әрбір ана баласы үшін неге болса да барады.

Қорытынды бөлім.
а) Мұғалімнің сабақты қорытынды сөзі
ә) Оқушылардың білімін бағалау.
Сарапшылар «бағалау парағын» пайдалана отырып, оқушылардың жинаған ұпайларына қарай білімдерін бағалайды.
б) Үйге тапсырма: «Боранды бекет» романының кез келген өзіңе ұнаған бөліміне шағын сценарий жазып келу.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама