Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дүниетану 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі адамдар қалай өмір сүрді?
Мақсаты: Ежелгі адамдар туралы мағлұмат алады, ізденеді. Блум таксономиясының жоғарғы деңгейі сұрақтары арқылы сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар адам, қоршаған орта туралы білімін кеңейтеді, ежелгі адамдар, олардың тіршілігі туралы мағлұмат алып, танымдық әрекеттері дамиды. Тарихқа құрметпен қарайды. Топпен жұмыс істеу арқылы өз ойын айту, сұрақтар қойып, жауап береді. Шығармашылық жұмыс жасай алады.
Тапсырма негіздері: Топпен тапсырманы талқылау, ойларын ортаға салу, топқа бейімделу; Оқулықпен жұмыс; Дәптермен жұмыс; Оқулықтағы практикалық жұмыс (5 - 6 бет). Ізденіс негіздегі тапсырмалар.
Оқушыларға арналған дереккөздер тапсырмалар: Ғаламтордан жершары, алғашқы адамдар туралы мәліметтер қарастыру. Проектор, www. google. com сайтына кіреді.
Сабақтың көрнекілігі: Постерлер, бағалау парақшалары мен критерийлері, кері байланыс парақшасы. Бор, тақта, маркер, плакат, түсті суреттер.
Сабақта орындалатын тәсілдер: Топқа бөліну, топпен жұмыс, оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс, сергіту сәті, тест тапсырмасы, топтық бағалау, өзін – өзі бағалау, өткенге шолу жасау, өмірмен байланыс, елестету әдісі, көңіл – күйлерін көтеру сәті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар бізде қазір дүниетану сабағы. Өзіміздің білімімізді жоғары деңгейде, ынтымақпен жұмыс жасай алатындығымызды көрсете білуіміз керек.
Ал, енеді 1, 2, 3 деп саналамыз. Енді 1санын айтқан балалар 1 - топқа, 2 - лер екінші, 3 – тер үшінші топқа бөлініп отыра қоямыз.
Оқушыларға суреттерді беремін, сұрақ қоямын.
Қандай суреттер берілді? Осы суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып аламын.
Көңіл - күйлерін көтеру сәті:
Ал қанекей балалар,
Орнымыздан тұрайық.
Оңға бір бұрылып, солға бір бұрылып,
Орнымызды табайық.

1) Уақыт машинасымен өткен өмірге саяхатқа шығу.
Сұрақ қоямын.
- Тарих дегеніміз не? (Тарих - бұл адамзат қоғамының өткені туралы ұғым)
- Тарихи дереккөз деп нені айтады?
- Тарих деректемелерге қолжазбалар, кітаптар, монеталар, тағы басқалар жатады.
- Тарихтан өткен өмір туралы не білгілерін келеді?( Оқушылар жауап береді)

2. Оқулықпен жұмыс. (жиксо әдісі )
а) Мәтіннің мазмұнын талқылауы.
ә) Ежелгі адамдарды көз алдарына елестетуі. Оны сипаттап айтуы.
б) Кестені толтыру.
Ежелгі адам----------
Қазіргі адам----------
Ұқсастығы-----------

Оқушылар мәтінді оқып, қазіргі адам мен ежелгі адамның ұқсастығы мен айырмашылықтарын кестеге толтырады, талдау жұмысын жүргізеді, қорытынды шығарады. Өздерінің пікірлерін айтады.
Жүзеге асыру
б) Әр топтың оқушылары келесі топ оқушыларына сұрақ қойып, ұсыныстарын айтуға болады.
Мәтінді бекіту:
Дәптермен жұмыс:
Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. Табиғаттың суретін салады.
2 - топ. «Адам пен еңбек егіз» тақырыбына эссе жазады.
3 - топ. «Өнерлі – өрен» табиғатқа арнап бір шумақ өлең жазады.
Сабақты қорытындылау:
Сонымен бір – бірімізді бағалаймыз. Егер ұнаса бас бармағымызды жоғары көтереміз, егер ұнамаса төмен түсіріп бағалау жасаймыз.
Үйге тапсырма:
Мәтінді мазмұндау. Энциклопедиядан ежелгі адамдардың тіршілігі туралы оқып, зерттеу жұмысын жүргізі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама