Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Зат есім
Түсінік хат
Зат есім сабағында қолданылған флипчарттар.
Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты мектептегі қайта құру, оқытудың мақсатын, мазмұнын, тәсілін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын түбегейлі өзгертуін талап етеді. Білім беру саласы өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. Ұрпақ үшін кітаптың қандай маңызы болса, жаңа ақпараттық технологияларда оқушы үшін маңызды болып табылады.

Бастауыш сыныптарда флипчартты сабақтардың пайдасы - мұғалімге көмекші құрал, оқыту, көрнекі құрал ретінде сабақта жұмыс нәтижелерін кесте не сызба түрінде, оқушының сабаққа деген қызығушылықтарын артыратын айқын да, анық суреттер нақты көрсетілген.
Өзімнің құрастырған сабағымда флипчартты падаландым. Мысалы: Зат есім тақырыбында Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында 2 - флипчартта оқушылар қарындашты пайдаланып, сөз таптарының аттарын жазады. 3 - флипчартта сөз таптарының сұрақтарына тиісті сөздерді апару.

4 - флипчартта шторканы пайдалану арқылы біртіндеп сөзжұмбақ көздеріне сурет атауларын жазып, шешеді. 7 - флипчарт оқушылар есте сақтау мақсатында мақалды бір оқып не? Сұрағына жауап беретін сөздер квадрттар арқылы жабылады, жазған соң, тексеру үшін ашылады.
8 - флипчартта танымдылық қабілеттерін арттыру мақсаты бойынша зат есім сұрақтары мен сөздерін қажетіне қарай қарындашпен сәкестендіреді. 9 - флипчарт бойынша оқушылар қимылды білдіретін сөздерге тиісті зат есім табу. Ол сурет арқылы берілген, оқушы жауабын тексеру үшін, сурет квадратпен жабылған, квадратты ашып, сөзбен жазу. Басқа флипчарттар қарапайым әдістермен көрсетілген.

Флипчарттың тиімділігі оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасап, сабаққа деген қызығушылықтары, белсенділіктері артады.

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарының ішінде зат есім туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы зат есімді таба білуге, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру.
Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру.
Білімді, ынталы болуға тәрбиелеу, сауатты, көркем жазуды қалыптастыру.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі: интерактивті тақта

Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылардың сабаққа әзірлігін қадағалап, түгендеу
- Өткен сабақта не өттік?
- Қандай сөз таптарын білесіңдер?
- Сөз табы деген не?
Күн, үлкен қызыл, ащы, аспан, шықты, мұғалім, келді, көк, жеті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама