Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды оқушылар орындайды; бір және екі амалмен шығарылатын өзара кері есептерді салыстыру, талдау және құрау; топта тік бұрыштың әр алуан түрін салуды орындауды және олардың периметрлерін табуды ұғындыру.
дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып ой - өрісін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, математикалық терминде анық сөйлеуге дағдыландыру.
тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
көрнекілігі: геометриялық пішіндер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.
2. Сөйлеу ережесін еске түсіру.

ІІ. Математикалық өлең.
Терең ғылым сананың,
Тегі деп ой саламыз.
Маңыз беріп оқимыз,
Математика сабағын.

Ойын: Мен қай пішінмін?

Қандай геометриялық пішіндерді білеміз. Тік төртбұрыш, бұрыш, дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, кесінділер, бұрыштар, көпбұрыштар. Бұл ойын арқылы мен сендердің өткен сабақты қалай меңгергендеріңді білемін және бағалаймын. Онда балалар өткен сабақты қайталайық. Әр фигураның артында тапсырмалар бар, біз сол тапсырмаларды шешуіміз керек. Ең бірінші біз ойынды бастамас бұрын әр фигураны ашқанда, сол пішінге сипаттама беріңдер.

1. Тік төртбұрыштың сұрақтары:
1) Периметр дегеніміз не?
2) Шаршы дегеніміз не?
3) Азайту амалының компоненттерін ата.
4) 4 онд. 2 бірл.- тен тұратын сан.

2. Шаршының сұрақтары:
Үй тапсырмасы.
3. Үшбұрыш сұрақтары:
Сергіту сәті:
Саусақ ұшымен жаңбыр жауғызу.
4. Тік емес төртбұрыштардың сұрақтары:

Оқулықпен жұмыс.
1) Асханаға 15 кг май және одан 7 кг артық
ет әкелінді. Асханаға неше килограмм азық - түлік әкелінді?
Есепке кері есептер құрастыр және оларды шығар.
Май – 15 кг.
Ет -? 7 кг артық.
------------? кг
Шешуі: 15 + (15 + 7) = 37 кг.
Жауабы: барлығы 37 кг.

Май –? 7 кг. кем
Ет – 22 кг.
------------------? кг
Шешуі: (22 - 7) + 22 = 37 кг.
Жауабы: барлығы 37 кг.
2) Асханаға 50 л сүт әкелінді. Оның ертеңгі тамаққа 20 литрі, ал түскі тамаққа 5 литрі жұмсалды. Асханада неше литр сүт қалды?
Сүт – 50 л
Ертеңгілік – 20 л.
-----------------? кг
Түс – 5 л.
Қалды -?

3) 60 + 28 * 59 – 30
73 – 38 * 67 + 18
46 – 10 * 50 + 27
56 + 29 * 93 – 26
88 – 20 * 53 + 15
56 + 24 * 80 – 54
46 + 49 * 99 – 17
39 + 11 * 70 – 19
40 – 25 * 37 + 23
54 + 17 * 91 – 36

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама