Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Жай бөлшектерге амалдар қолдану
Математика 5 сынып

Сабақтың мақсаты:
1. Тәрбиелік: Алдарына қойған мақсаттарына жетуіне, өздеріне сенімді болуларына, жауапкершілікке, бірін – бірі бағалай білуге тәрбиелеу.
2. Білімділік: Қайталау есептерін шығару арқылы білім, білік дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық іс – әрекеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер.
Сабақтың типі: Қайталау және пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. «Сиқырлы сандар әлеміне» саяхат

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Сиқырлы сандар әлеміне» саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз сіздермен алдымызда өткен жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбын қорытындылаймыз. Яғни алған білімдерімізді көрсетеміз. Бұл жерде үй тапсырмасын тексеріп өту. (оқушылар дәптер алмасу арқылы дәптерлерін тексереді.) Осы жерде үй тапсырмасын беру. Ребус, тест жұмысын құрау 5 – тапсырмадан.

Саяхат барысында мынадай аялдамаларға тоқталамыз.
1. «Қателер» қалашығы аялдамасы
2. «Білімділер» аялдамасы
3. «Демалыс сәті» аялдамасы
4. «Қызықты сандар аялдамасы»
5. Тест
Түстері әр түрлі бес фигура орналасқан: Дұрыс жауаптар аталғаннан кейін жолға аттанамыз. «Теориялық білімнен кейін бағалары кестеге қойылады.»

1. І Сарғылт түсті тіктөртбұрыш: - Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады? Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? (Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда алымдарын өзара қосып, бөлімін өзін қалдырамыз. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосқанда бөлшектерді ЕКОБ келтіреміз, содан кейін бөлімдері бірдей бөлшектердің ережесін пайдаланамыз)

2. С Жасыл түсті үшбұрыш: - Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтады? Бөлімдері әр түрлі бөлшектер қалай қосылады? (Бөлімдері бірдей бөлшектерді азайтқанда азайғыштың алымынан азайтқыштың алымын азайтып, алым етіп жазып, ал сол бөлімнің өзін қалдырамыз.
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді азайтқанда бөлшектерді ЕКОБ келтіреміз, содан кейін бөлімдері бірдей бөлшектердің ережесін пайдаланамыз)

3. К Көк түсті шаршы. – Жай бөлшектерді көбейту дегеніміз не? (Жай бөлшектердің көбейтіндісі – алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең.)

4. Е Қызыл түсті жұлдызша.- Натурал сан мен аралас санның қосындысы қалай табылады? (Натурал санмен аралас санды қосқанда, натурал сан мен аралас санның бүтін бөлігі қосылып, қосындыға аралас санның бөлшек бөлігі тіркеліп жазылады)
5. С Сары түсті дөңгелек – Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтіледі? (Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады, да бөлімі өзгеріссіз қалады.)

6. Ә Жасыл түсті үшбұрыш: - Жай бөлшектерді салыстыру дегеніміз не? Олар қалай салыстырылады? (Жай бөлшектер натурал сандар сияқты салыстырылады.)

7. Т Қызыл түсті жұлдызша – Жай бөлшектерді бөлу дегеніміз не? Өзара кері сандар.(Жай бөлшекті жай бөлшекке көбейту үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту к/к)

Сонымен бізде қандай сөз пайда болды. Іске сәт. Енді іске сәт деп жолға шығайық.

1. «Қателер» қалашығы аялдамасы. Тақтада бұл қалашықтың үйлері теріс, яғни төңкеріліп орналасқан. Үйлерде мынадай қате есептер бар. Сол есептердің қатесін тауып, дұрыс жауаптарын жазу керек. Сонда ғана біздің қалашығымыздың үйлері орнына келеді.

3. «Демалыс сәті» аялдамасы Қызықты логикалық есептерді оқушылармен шығару.
1. Екі санның қосындысы 8 - ге, айырмасы 2 - ге, көбейтіндісі 15 - ке тең. Олар қандай санда? (3; 5)
2. 1 кг ұнның бағасы 60тг, 2, 5 кг ұнның бағасы неше теңге? (150тг)
3. Әжесі неше жаста болса немересі сонша айда. Екеуінің жастарын қосқанда 52 болады. Апасы нешеде немересі нешеде? (4жас, 48ай)
4. Пирогтың 1/3 жеп қойдым неше бөлігі қалды? (2/3)
Қосымша есеп
5. Тауық бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса ше? (3кг)
6. Кішкентай бала 600г тосапты 6 – минутта жейді, ал оның досы карлсон 2 – есе аз уақытта жеп тауысады. Егер екеуі бірігіп жесе неше минутта жейді? (4 - 5мин)
7. 666 санын ешқандай математикалық есептеу жүргізбей - ақ қалайша 999 - ға айналдыруға болады? (1800 бұру керек)
8. Балықшы 2 минутта 4 балық аулайды. Осындай сегіз балықты неше минутта аулайды? (қармағына қаншан ілінгенше)
9. Оқушы мектептен үйге дейінгі жолдың 5/2 бөлігін 10 минутта жүріп өтеді. Осындай жылдамдықпен неше минутта жүріп өтеді? (25)

Физ минутка жасау.
Қане, қане тұрайық
Үлкен шенбер құрайық
Оң жақтағы көршіге
Сол жақтағы көршіге
Күлімсірей қарайық
Көкке қолды созайық
Бір – бірімізден озайық
Құшақтасып әркезде
Тату – тәтті болайық
Көңіл күйлерін жақсы болсын!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама