Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу
Қалалық семинарда өткізген ашық сабақ
Пәні: Математика;
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту.
Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің тиімді тәсілін меңгереді. Оны есептеуде қолдана білуге жаттығады.
1) Мазмұнына байланысты: Көбейту және бөлудің разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы есептеудің қолайлы тәсілін толық меңгереді, шығарған мысалдары мен есептерін тұжырымдайды.
2) Сын тұрғысынан ойлау: Өткен сабақта өтілген материалдармен байланыстыра отырып, екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу туралы білігі қалыптасады.
3) Топпен жұмыс: Оқушылар ұйымшылдықпен, топпен бірлесіп жұмыс жасауға, есептерді тұжырымдап айтуға жаттығады.
Көрнекілігі: Көрініс материалдары, суреттер, слайд материалдары, наурыз көже, шашу т. б.
Сабақ түрі: Іскерлік пен дағды қалыптастыру
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Дамыта оқыту;
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, Тәрбие шаралар

Сабақтың жүру барысы:
I. Қызығушылықты ояту:
а) «Ой қозғау» сұрақтары:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын ата?
- Көктемгі мерекелер туралы не білеміз?
Наурыз айы – тіршілік бастауы. Сондықтан да аналар мерекесі, ұлыстың ұлы мейрамы наурыз да осы ай ішінде тойланады.
Наурыз мерекесіндегі негізгі дәстүрлер:
Наурыз
Жарапазан
Наурыз ханшайымы
Наурыз көже

Наурыз мерекесінде аузы дуалы адамдар бір ауылдан екінші ауылға жарапазан айтып барады екен. Олай болса, жарапазаншыны қарсы алайық.
Б) Жарапазан: Жарапазаншы жарапазан айтады, тапсырма ұсынады:

а) Семантикалық карта: «Тез есепте!»

ә) «Ой шақыру» тапсырмасы:
12*3 (Екі) 24*2 (ба) 36*2 (таң) 60*3 (лы)
15*4 (ды) 90: 3 (сан) 120: 4 (бір) 20*4 (сан)
30*4 (таң) 72: 3 (ға) 16*2 (лы) 18*3 (ба) 50*2 (кө)
150: 4 (ту) 17*3 (бей)
Жасырын буындардан сабақ тақырыбы шығады.

II. Мағынаны тану: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту

а) Түсіндіру: 26*5 ауызша көбейту үшін, 26 - ны разрядтық қосылғышқы жіктеп (20+6) деп алып, 20*5, 6*5 жеке - жеке көбейтіп, шыққан мәндерін100+30 қосамыз;
54: 3 ауызша бөлу үшін, 54 - ті 30 +24 қолайлы қосылғыштарға жіктеп, 30: 3, 24: 3 жеке – жеке бөліп, шыққан 10+8 мәндерін қосамыз.
ә) Топтық жұмыс: «Наурыз ханшайымын қарсы алу»
1 топ: Есіңе сақта!
14*7=(10+4)*7=10*7+4+7=70+28=98
18*5=(10+8)*5=10*5+8*5=50+40=90
21*3=(20+1)*3=20*3+1*3=60+3=63
48: 4=(40+8): 4=40: 4+8: 4=10+2=12
77: 7=(70+7): 7=70: 7+7: 7=10+1=11
96: 8=(80+16): 8=80: 8+16: 8=10+2=12
65: 13=5 51: 17=3 98: 14=7
2 топ: Түсіндір!
654 -(256 - 25*5) =654 - 131=523
350: 5*7+346=490+346=836
286+(514 - 53*4) =286+302=588
400: 2: 5+314=40+314=354
418 -(170+90: 3) =418 - 200=218
900: 3 - 42*5=300 - 210=90

3 топ: Дәлелде:
Х*7=58+5
Х*7=63
х=63: 7
х=9
----------------
64: х=36: 9
64: х=4
х=64: 4
х=16
----------------
х: 5=60: 12
х: 5=5
х=5*5
х=25
-----------------
9*7=58+5
63=63
64: 16=36: 9
4=4
25: 5=60: 12
5=5
Ә) «Наурыз көже» тапсырмасы:
«Талда, шығар!»: Оқулықпен жұмыс:
№6 1) Билет - 15 фунт
90 фунтқа -? Билет
Ш: 90: 15=6
Ж: 6 билет
2) 5 с/кокт.- 60 т
1 кокт.-?
Ш: 60: 5 =12
Ж: 1 коктейль - 12т

№8 Қуыр/т - 150т
Б/т -? 2 есе қымбат
Екі бала, екі театр -? Төлейді
Ш: 150*2 =300
(300+150)*2=900
Ж: 900т төлейді.
№9 Торттың 6/1 - і – 15 шекель
2 торт -? Тұрады
Ш: 15*6=90т
90*2=180
Ж: 2 торт - 180т

III. Ой толғаныс: «Біз нені үйрендік?
«Бәйге жарыс»
19*2
27*3
14*6
12*8
16*4
24*4
18*0
26*2
13*7
21*4
15*5
23*3
17*3
25: 5
Математикалық басқатырғы:

Үйге тапсырма: №5, 10
Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама