Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Экономистерге арналған математика бағдарламасы және сабақ жоспарлары (5-6 сынып)
Экономистерге арналған математика бағдарламасы және сабақ жоспарлары (5-6 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жиын түсінігі. Натурал сандар. Рационал сандар. Нақты сандар
Комплекс сандар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жиын, натурал сандар, нақты сандар, комплекс сандар туралы теориялық түсінік пен тиімді ойлау тәсілдерін үйрете отырып, практикалық есептерді шығару үрдісінде шығармашылық ойдың үзіліссіз жұмыс істеуіне көмектесу және экономикалық есептеулерді жүргізе білуді үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, зеректікке және өздеріне таныс пікірлерді жинақтай білуге үйрету.
Дамыту мақсаты: Белгілі бір ұстанымдарға сүйене отырып, оқушының интеллектік, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін
қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Пән аралық байланыс: Математика – «Сандар»
Сабақтың көрнекілігі: Плакат - «ЕҮОБ», 1. 1, 1. 2, 1. 3 - суреттер

Сабақтың жүрісі:
● Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың оқу құралдарын және сабаққа қатысын
тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Скаляр және векторлық шама дегеніміз не?
2. Векторлардың қосындысы және көбейтіндісінің ереже
формулаларын тақтаға жазып көрсет.
3. Үйге берілген есептерді тақтаға шығару.
III. Үй тапсырмасын бекіту: 3, 5 – есептерді шығару.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Натурал сандар
2. Рационал сандар
3. Нақты сандар
4. Комплекс сандар

V. Жаңа сабақты бекіту. №1, 4, 5 есепті шығару.
VI. Қысқаша конспект жазу.
Натурал сандар деп, нәрселерді санау үшін қолданылатын 1, 2, 3, 4... сандарын айтады. Ондық санау жүйесінде кез келген натурал сан 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларының көмегімен жазылады. Теорема. Кез келген натурал санды жай көбейткіштерге жіктеуге болады және ол жалғыз ған тәсілмен орындалады. Мысалы 360 санын жіктейік.
Процент – санның жүзден бір бөлігі. Күрделі процент формуласы N = a(1+0, 01*p) n, мұндағы а – бастапқы салынған ақша, n – ақшаның сақталу мерзімі, N саны n жылдан кейінгі ақша шамасы, p – процент саны.
Қандай да бір фигураның барлық нүктелерінің параллель түзулер бойымен бір бағытта бірдей қашықтыққа орын ауыстыруын фигураны параллель көшіру деп атайды.
Вектор деп бағытталған кесіндіні айтады.
Анықтама. Белгілі ретпен алынған өзара перпендикуляр үш векторды кеңістіктегі тік бұрышты базис деп атайды.
Анықтамада аталған векторлардың модульдері 1 – ге тең болған жағдайда тік бұрышты базисті (i, j, k) арқылы белгілейді. Берілген әрбір а векторын келесі теңдік түрінде а = xi +yj +zk
Есеп. а = (- 1; 1), b = (1; 3) деп алып с = 4a + b
VІІ. Сабақты қорытындылау: Оқушылардың жауаптарын талдау, бағалау және оны хабарлау.
VIІI. Үйге тапсырма:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама