Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Пернетақта
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрету.
Дамытушылығы. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, интерактивті
тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқу - құралдарын түгендеу
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
Компьютер құрылғыларының аттарын толықтыр:

Сөзжұмбақ
Көлденеңінен:
1. Ереже бойынша ол 103тен 104ке дейінгі пернеден тұрады.
Тігінен:
1. Компьютердің басып шығару құрылғысы
2. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы:
3. Компьютердің миы
4. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы
5. Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы
6. Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған манипулятор
7. Процессор басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны...
8. Information сөзінің аудармасы
9. Апараттың өлшем бірлігі
10. Тышқанның басқаша атауы

ІІІ. Жаңа сабақ.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама