Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Елбасым – мақтанышым
«Елбасым – мақтанышым» атты тәрбие сағаты
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, әнұран, өлеңдер, мақал – мәтелдер.
Түрі: тәрбие сағаты
1. Әнұран ( тұрып айту)
— Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында.
— Иә, біз ірі жер көлемі бар мемлекетте тұрамыз қараңдаршы картаға дүние жүзінде 9 - шы орында.
— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
— Елтаңба, Көк ту, Әнұран.
— Біздің елбасымыз кім?
— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол президент.
— Ия, балалар, біздің бүгінгі сабағымызда Нұрсұлтан атамызға арналмақ.

Себебі 1 - ші желтоқсан ең бірінші тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан атамызды сайлаған күн.
Бірінші желтоқсан - Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1 - желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ шығар.
Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстанның Президенті болып сайланды.
Сайлауға жұрт бір кісідей қатысып, Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап, дауыс берді.
Енді 1 – желтоқсан – Президент күні болып тағайындалды.
Өмірбаяны оқылады. Мадина, Бексұлтан, Дархан өмірбаянымен таныстырады. Слайд көрсету.

Әдеби монтаж.
1. Ерали
Мәңгі жайнап тұрсын таң,
Күн мезгілсіз қызбайды.
Жақсы атамыз Нұрсұлтан
Көп ойлайды біз жайлы.

2. Әділет
Өсіреміз орманын,
Біз соңынан ереміз.
Елбасының арманын
Жерге гүл ғып егеміз.
3. Дархан
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат нәр береді.
Отан – ана, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
4. Нұрғиса
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен,
Қазақстан туған ел.
5. Камила
Нұрсұлтан атам – Елбасы,
Ел ағалары – қолбасы.
Тәуелсіз елін сүйетін
Бар адам – оның жолдасы.
6. Айсу
Нұрсұлтандай атамның
Еңбегінің шегі жоқ
Бақыт тапты қазағы,
Жүрегіне жағып от.
7. Қуат
Желбіреген көк туы
Көтерілді жеңісте
Біздің халық дән риза
Елбасыға ер істе.
8. Данеля
Президент болу – мәртебе,
Ол – Алланың қолдауы.
Ел басқарған Нұр аға,
Жол көрсетті жолдауы.
9. Дана
Қазақ деген халықтың
Бағына туды Нұр аға.
Сынынан өтсек нарықтың,
Арқаңыз сіздің Нұраға.
10. Зере
Қазақстан – туған елім,
Ырыс пен құт мекені.
Көкке өрлеп даңқың сенің
Ғасырларға жетеді.
11. Фатима
Менің елім – Қазақстан, жүрегім,
Тек өзіңсің - Отан Ана, тірегім.
Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар
Тәңірден осы менің тілерім.

Ән: Жаса Қазақстан (хор)

Интербелсенді тақтада дайындалған мақалдың жалғасын табу.
1/Туған жердей жер болмас,....
2/ Отан үшін отқа түс -...
3/ Өз елің -...
4/ Туған жер -...
5/ Отансыз адам,...

Оқушылардың арасында сайыс өткізу. Мақалды жаңылмай айт.
1. Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
2. Отанды сүю – отбасынан басталады.
3. Пәлен жерде алтын бар,
Өз еліңдей қайда бар.
4. Туған жердің жуасы да тәтті.
5. Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
6. Ата қоныс — алтын мекен.
7. Атамекен — анаң екен,
Қысылғанда панаң екен.
8. Отан үшін еңбек етсең,
Халқыңның сүйген ұлы боласың.
9. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
10. Отан үшін отқа түс — күймейсің,
Арың үшін алыссаң — өлмейсің.
11. Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Сөзжұмбақ шешу. Шешуі. Сөзжұмбақ "Елбасы"
Сұрақтары:
1 Н. Назарбаевтың алғашқы мамандығы.
2. Н. Назарбаевтың анасының есімі.
3. Н. Назарбаевтың әкесінің есімі.
4. ҚР президентінің туған жері.
5. ҚР президентінің есімі.
6. Н. Назарбаевтың әжесінің есімі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама