Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
8 сынып Физика
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға электр өрісі, өрістің күштік сипаттамасы кернеулік ұғымын қалыптастыру. Электр өрісінің кернеулігі туралы ғылыми түсінік беру.

Дамытушылық: Физикалық құбылыстардың түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін арттыру
Тәрбиелік: адамгершілікке, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау, жүйелеу
Сабақты өткізу әдісі: Әңгіме түрінде түсіндіру
Көрнекілік. Электронды оқулық, сызбалар

Сабақ барысы: Ұйымдастыру
2 Өткен сабақты тексеру а) Қандай зарядты нүктелік деп атайды.
б) Кулон заңының тұжырымдамасы
в) Электр зарядының әрекеттесуі

3. Жаңа сабақ
Оқушы нені білуі керек /Теориялық материал/
а) Жер мен оның бетінен қайсыбір биіктіктігі денелердің өзара әрекеттесуі
б) Зарядталған денелердің өзара әрекеттесуі қалай өтеді?
в) Электроскоп жапырақтарымен тәжірибені көрсету.
г) Зарядталған денелердің айналасында өрістің болуы (электр өрісі)
Өрістің көруге, сезуге болмайтындығы.
Материялық электр өрісі Материя өзін екі жақты көрсете алады: не зат түрінде, не электр өрісі ретінде

Электр өрісінің нақты көрінісін күш сызықтары арқылы алуға болады. Өрісті кескіндеудің М. Фарадей ұсынған.

Күш сызығы (өріс сызығы)- электр өрісінің белгілі бір нүктесіне орналасқан сынама нүктесі оң зарядқа әсер ететін сол өрістің күш бағытына жанама болып келетін сызық Басталуы мен аяқталуы Оң зарядта басталып, теріс зарядта аяқталады.
Кулон заңы бойынша Ғ=k٭q٭q ∕ r2
Электр өрісінің сынама q зарядқа әрекет ететін күшінің қатынасы сол заряд үшін тұрақты шама Ғ/ q =Е өріс кернеулігі

Күштік сипаты кернеулік
Өріс бар оның бар екенінің
Энергетикалық сипаты потенциал

2 Оқушы нені меңгеру керек Ғ/ q =Е формулаға есеп шығару
Кернеуліктің өлшем бірлігі 1Н/Кл
Жаттығулар 3. 58 Есеп Электр өрісіндегі 4*10 - 6 зарядқа 0, 02 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар?
№ 3. 59, Кернеулігі 4*10 5 В/м болатын біртекті электр өрісіндегі электронның үдеуін және оған әсер ететін күшті табыңдар.

№ 3. 60,№ 3. 61 есептер
Үйге тапсырма § 32

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама