Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Тармақталған алгоритмдер
Тақырыбы: «Тармақталған алгоритмдер»
Информатика Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін - өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Практикалық
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация, электрондық оқулық, карточкалар, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қайталау
а) (Лото ойыны, тапсырмалар)
ә) Топтастыру
б) «Ойлан - Тап»
в) «Ішіне - сыртына»
3. Жаңа сабақты түсіндіру (Сөзжұмбақ)
4. Практикалық жұмыс (электрондық оқулықпен жұмыс, тест)
5. Сабақты пысықтау (тапсырмалар)
6. Үй тапсырмасы
7. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) «Лото» ойыны
1. Алгоритм дегеніміз не? (Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып, қажетті нәтижеге қол жеткізуді жүзеге асыратын әрекеттердің орындалу ережесі.)
2. Алгоритм түрлерін ата (Сызықтық, тармақталған, циклдік)
3. Алгоритмдерді ұсыну тәсілдерін ата (табиғи тілде, графикалық тілде, алгоритмдік тілде, программалау тілінде)
4. Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен тұрады. Программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі)
5. Var операторының қызметі қандай? (Айнымалыларды сипаттау)
6. Const операторының қызметі қандай? (Тұрақтыларды сипаттау)
7. Read операторының қызметі қандай? (Берілгендерді енгізу)
8. Write операторының қызметі қандай? (Нәтижені шығару)

ә) «Топтастыру»тапсырмасында оқушылар интерактивті тақтаға шығып алгоритм қасиеттерін жазып топтастырады
б) «Ойлан - Тап» оқушылар тақтадағы фотосуретте бейнеленген адамды табу қажет.
в) «Ішіне - сыртына». Кестенің ішіне Паскаль программалау тілінде қолданылатын операторларды жазады, ал сыртына программалау тіліне жатпайтын сөздерді жазады.

Internet, Paint, Writeln, Readln, WordPad, Integer, Real, Microsoft, Program, Var, Excel, Const, Power Point, begin, end.

3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақты бастамас бұрын мына сөзжұмбақты шешейік

1. Негізгі программаның басы
2. Шығару операторы
3. Программа тақырыбы
4. Бүтін санның типі
5. Алгоритмнің орындалу барысында мәні өзгермейтін шама
6. Символдық шама
7. Енгізу операторы
8. Бағдарламаның соңы
Ортадағы ерекше тор көздегі сөзге назар аударайық. «Branched» сөзі ағылшын тілінен аударғанда тармақталған деген мағынаны береді екен. Сонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Тармақталған алгоритмдер»
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.

Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2 - ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер, then – онда, else - әйтпесе.
Оператор программадағы іс - әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:

{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF THEN ELSE ;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Қысқа оператордың жазылу түрі:
IF THEN ;
Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама