Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Физика пәнінің мұғалімі Ермекова Айдана

Физика 9 сынып
Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.
Дамытушылық: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың типі: Жаңа білім негіздерін қалыптастыру
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: формулалар, слайдтар, сызбалар, т. б

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Зымыран қалай қозғалады?
2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
3. Реактивті қозғалысқа мысалдар келтір?
4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?
5. Ғарышты зерттеудегі қандай шамаларға байланысты?

 Қызығушылықты ояту
металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.
Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?
Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.

III. Жана сабақты түсіндіру
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т. б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.

Күй - дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны
2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайсыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.

Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.
Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)

 Қозғалыстағы дененің энергиясы - кинетикалық энергия деп аталады.
 Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өз ара орналасуына байланысты энергия - потенциалдық энергия деп аталады.
Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС - Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары - төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).
Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама