Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Физикадан бақылау жұмысы
Физика пәнінің мұғалімі Ермекова Айдана

Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: №1 бақылау жұмысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қозғалыс тарауына септер шығару, білімді жинақтау
Дамытушылық: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: білімді бекіту
Сабақтың әдісі: өз беттік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Бақылау жұмысын орындау
III. Бақылау жұмысын аяқтау, тексеру
IV. Үйге тапсырма: тарауды қайталау
1 - нұсқа
1. Мына өлшем бірліктерді түрлендіріңдер:
0, 8 м= см, 2, 9 дм= м, 380 м= км

2. Автомобиль 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобилдің жылдамдығы
неге тең?

3. Жолдың берілген сан мәндерін метрмен өрнектеп жаз:
а) 10 км; ә) 126 см; б) 30 дм;
в) 1220 мм

4. Ұшқыш 100 км қашықтықты реактивті ұшақпен 2, 4 минутта ұшып өтті. Ұшақтың
орташа жылдамдығын тап.

2 - нұсқа
1. Мына өлшем бірліктерді түрлендіріңдер:
0, 4 м= см, 2, 5 дм= м, 250 м= км

2. Велосипедші 1, 5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша
уақытта жүріп өтеді?

3. Жылдамдықтың берілген сан мәндерін м/с - пен өрнектеп жаз:
а) 72 км/сағ; ә) 100 см/с; б) 36 м/сағ

4. Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама