Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Ерен еңбектерің жеңісің, Ерке ұлдарың жемісің
Сыныптан тыс шара: Ерен еңбектерің жеңісің, Ерке ұлдарың жемісің

Сабақтың тақырыбы: Ерен еңбектерің жеңісің
Ерке ұлдарың жемісің
Сабақты мақсаты: Тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, заттар, фигуралар т. б.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Ортаға ата аналарымен оқушыларды шығару.
3. Сайыстың шартымен таныстыру.
4. Әділқазылармен таныстыру.
5. Оқушылардың өнерін тамашалау.
6. Қорытындылау.
7. Марапаттау

Армысыздар осында жиналғандар!
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар.
Рұқсат берсе біздерге көрермендер,
Кешімізді басталық қатысушылар.
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төріне
Математика тілінде
Жанұялар жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдасып.
Шабыт тасып шалқысын,
Есеппен ән салады
Көңілді кеш жасаймыз
Әкесі, ағасымен, анасы да
Алда озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына.
деп сайысымызды бастайық.

1. Сайыстың шарты;
А) Логикалық есептерді шешу;
Б) Мақалдың жалғасын табу;
В) Жұмбақты шешу, орыс, ағылшын тіліне аудару;
Г) Математикалық ойындар.
Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді
Мықтылары келіпті, жеңсін енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

1) Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)
2) 2 ғасырда неше жыл бар? (200)
3) Бір нүктеден шығып екі сәуледен құралатын фигура? (бұрыш)
4) Кез келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады? (түзу)
5) Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
6) Кез келген сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (бір)
7) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (аасы, баласы, немересі)
8) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? (12 мин)
9) Бір жанұяда 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? (6 бала)
10) Екі бұтақта ырған торғайлардың саны 15. Бірінші бұтақтан 3 торғай ұшып кетті. Екінші бұтақтан 2 торғай ұшып барып, бірінші бұтаққа қонғанда, екі бұтақтағы торғайлар саны бірдей болды. Алғашқыда бұтақтардың әрқайсысында қанша торғай отырды? (1ші бұтақта 7 торғай, 2ші бұтақта 8 торғай)
11) Бала қорапқа барлығы 8 өрмекші мен қоңыз жинады. Егер қораптағы барлық аяқтарды жинаса, 54 аяқ болады. Қанша қоңыз, қанша өрмекші жинады? (қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ болады, 5 қоңыз, 3 өрмекші)
12) Натурал сандар дегеніміз қандай сандар. (Нәрселерді санау үшін)
13) Жазықтықта бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны.(шеңбер)
14) Құрамында әріпі бар өрнек (Әріпті өрнек)
15) Бұрышты қақ бөлетін сәуле (биссектриса)
16) Суретші мектеп бөлмелерін номерлеуі тиіс еді. Бөлме саны 100 болса, қанша рет 9 цифрын жазу керек? (19 рет)
17) 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көріну керек? (5)
18) «Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағ. 43 мин.)
20) сағаттың ¼ бөлігі неше минут? (15 мин)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама