Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім»
Қазақ әдебиеті (9 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. «Ленинградтық өренім» өлеңінің мазмұнын ашу, оқушыға өз ой - пікірін айтқызу.
Дамытушылық: Алған жаңа мәліметтері бойынша білімі мен дағдыларын дамыту; оқушылардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Шәкірттерге Жамбыл Жабаевтың өлеңінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында халқымызға деген сүйіспеншілік, тарихымызға деген ықылас сезімін қалыптастыруға ықпал ету, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Мәнерлеп оқу, сұрақ - жауап, сатылай кешенді талдау элементтері,
СТО әдістері
Қолданылатын көрнекіліктер: Интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ХХ ғасыр басындағы әдебиет.
1) ХХ ғасырдың басындағы оқу - ағарту, баспасөз туралы не білеміз?
2) ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетімізде халық болашағын жақсартуды іздестіру бағыттарының өкілдерін, әр бағыттың сипаттарын әңгімелеңдер.
3) «Айқап» журналы туралы не білесіңдер?
4) 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс қай шығармада көрініс тапты?
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Жамбыл Жабаев өмірінен мәлімет беру
«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» әдісі бойынша оқушыларға Жамбыл туралы білетіндерін жаздыру, оқыту.
2) Өлеңдері, айтыстары, дастандары туралы айту.
1941 - 1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр кез болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін өте ауыр күндер туды. Осы тарихи оқиғаға Жамбыл өзінің «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады.
3) Оқулықпен жұмыс:
1) 3 топ өлең шумақтарын оқыту, мазмұнын сұрау.
2) Ленинград блокадасы туралы тарихи мәліметтермен жұмыс

Үш жылдан астам уақытқа созылған Ленинград үшін шайқас елдің бүкіл солтүстік - батыс бөлігін қамтыды. Барлық ұлттардың жауынгерлерімен бірге қазақ жауынгерлері де Ленинградты табан тіреп қорғады. Жаудың қоршауында қалған қалаға Қазақстаннан азық - түлік, қару - жарақ пен әскери құрал - жабдықтар тиелген көптеген эшелондар жіберілді. Ладога көлі аймағындағы алғашқы шайқастардың өзінде - ақ қазақстандық 310 - шы, 314 - атқыштар дивизиялары ерекше көзге түсті. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, қоршаудағы қаланың «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «Өмір жолын» салуға қатысты. Ленинград үшін күрес шежіресінде Әлия Молдағұлованың даңқты есімі мәңгіге қалды. Ержүрек комсомол, мерген қызды ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапаттады, ал қаза тапқаннан кейін 1944 жылы шілдеде оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленинград үшін шайқас 1941 жылғы 8 қыркүйекте басталып, 1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Қалаға жеңіс толығымен 1944 жылдың 27 қаңтарында ғана келді. Яғни, қала осы уақытқа дейін жау қоршауында болды. Ленинград халқы тұп тура 900 күн қасірет шекті. Осынау теңдессіз 900 күннің жыры да, сыры да ешқашан таусылмақ емес. Өліспей беріспеуді серт еткен ленинградтықтар жауға тізе бүкпей шайқасып, өшпес ерлік өнегесін көрсетті. Ұлы жырау Жамбыл Жабаев атамыздың «Ленинградтық өренім» деп тебірене, толғана жылайтын тұсы да сол кез еді. 900 күн бойы жау қоршауында қалған. Ленинград шайқасы кезінде 640 мыңнан астам адам аштықтан қырылды, жүздеген мың адам жау снарядтары мен авиабомбалардан қаза тапты, эвакуация кезінде оққа ұшқандары қаншама?! Тарихи деректерде Ленинград қоршауы кезінде 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын көз жұмды делінеді. Ал бұған қоршау кезінде жаумен жағаласып жүріп шейіт болған жауынгерлерді қоссаңыз, жалпы құрбандардың саны миллионның үстіне жетіп - жығылатыны айтпаса да түсінікті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама