Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі.
Сахна іші мерекеге сай безендірілген. сазды әуен жүріп тұр.
Жүргізуші: Тырна көкте тыраулап,
Қош қош айтты,
«Кеттім» - деп.
Шөптің басын қыраулап,
Күз де келіп «жеттім» деп күз мерекесі де келіп жетті.
Құрметті ата - аналар, қымбатты балалар, күз мерекесіне арналған «Ертегілер елінде» атты ертегілігімізге қош келдіңіздер. Балалар мен сендерге өлең оқимын тыңдаңдаршы.
Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тойып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай,
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар: «Күз мезгілі»!
Жүргізуші: Ендеше балалар «Күз ханшайымын» ортаға шақырайықшы.
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығыма қаныңдар.
Молшылыққы кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Кемел: Күздің сыйын алайық,
Қызығына тояйық.
Күзге арнап бәріміз,
Әнімізді салайық.

Еркеназ: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Күз: Балалар менің арманым бар. Сендер қалай ойлайсыңдар, мен арманымды айтсам орындайсыз ба?
Жүргізуші: Айтыңыз. Балалар тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?
Күз: Мен көптеген мерекелерде болдым. Өлең, ән, тақпақтар тыңдадым. Ал мен енді ертегі көргім кеп тұрғаны. Маған ертегі көрсетесіздер ме?
Жүргізуші: Балалар біз қандай ертегілерді білеміз, есімізге түсірейікші.
Балалар: «Қызыл телпек»,«Мақта қыз бен мысық»,«Аю мен маша», «Қасқыр мен жеті лақ», «бауырсақ»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама