Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ғажайып музыка ертегісі
Музыка 2 сынып
Сабақтың тақырыбы:«Ғажайып музыка ертегісі»
Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының мол мұрасымен таныстыру, соның ішінде балаға ең жақын аңыз - ертегілер әлемімен табыстыру.
2. Музыкалық ертегі сөзінің мәнін түсіндіру негізінде баланы ертегінің қызғылықты да мәндірек болуы үшін музыканы тыңдауға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ұлттық аспаптар жөніндегі түсінігін кеңейту, олардың музыкаға, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, музыкалық орталық;
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау әдісі

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ. Сабақтың жүрісі:
Сабағымыз «Ғажайып музыка ертегісі» деп аталады. Сондықтан сабақты музыкалық ертегі желісімен өткіземіз.
Ертегі - ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармалардың бір түрі.
Мен сіздерге «Сиқырлы аспаптар» ертегісін айтып беремін, дұрыс көңіл қойып отырыңыздар, өйткені мен сіздерге ертегі барысында жұмбақтар жасырамын. Жұмбақтарды шешуге көмектесесіңдер.
Бұрынғы өткен заманда бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала кезінен өнер қуып, күй шертіпті. Өмір бойы домбыра, қобыз, жетіге, сыбызғы, шаңқобыз аспаптарын жасапты. (осы кезде слайдтан аталған аспаптар кезекпен шығып тұрады) Оның орындаған күйлерін тыңдаған адамдар да, жан - жануарлар да жүректеріне тәтті шырын құйылғандай ерекше сезімге бөленеді екен. Сырқат адам ауырғанын, мұңды адам қайғысын ұмытып, жылаған бала жылағанын тоқтатып, өмір бойы осылай болуды қалап, сиқырлы сәттің бітпеуін тілейді екен. Күйшінің және оның аспаптарының ерекше сиқыры да осындай екен. Жылдар өтіп, күйші қартайыпты. Күйші:
- Кімде кім менің сиқырлы аспаптарыма тіл бітіріп шырқатса, сол адамға аспаптарымды мұра етіп қалдырамын,- деп жар салады.
Сол заманда Өнербай деген кісінің жеті ұлы болыпты. Олар шетінен өнерлі, ақылды. Дарынды болып өскен екен. Олар өнер, білім іздеп ел аралап жүріп, күйшінің үйіне келеді. Балалар амандасып үйге кіргенде ілулі тұрған аспаптар сыр шерткісі келіп тұрғандай күңіреніп кетеді. Енді, балалар, қарияның аспаптарын мұраға алуы үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар? Әрине жасырған жұмбақтарын шешулері керек.
- Дұрыстап тыңдаңдар. Қарияның бірінші жұмбағы:
Тоғыз белбеулі,
Екі тербеулі
Қос құлақты
Үні ұнамды (6 слайд)

- Кәне кім айтады? Бұл қандай аспап? Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына домбыра аспабын алады. (домбырада күй естіліп тұрады)
Үнім менің шалқиды бар ғаламға,
Арнаймын саз - күйімді бар адамға.
Құрманғазы, Тәттімбет, Дина әжемнің
Күйлерін кім жеткізер болашаққа.
- Қарияның екінші жұмбағын тыңдаңыздар:
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп - үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар.(7 слайд)
- Кәне кім айтады? Бұл қандай аспап? Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына қобыз аспабын алады. (қобыздың үні естіліп тұрады)
- Ата Қорқыт жасаған нар қобызбым
Тарихты да жырлаған наз қобызбын
Қанша ғасыр өтсе де киелімін.
Ұрпақтармен бірге жасап келемін.
- Қарияның үшінші жұмбағын тыңдаңыздар:
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең жеті түрлі мұң шығар,
Бұл қандай аспап?
- Кәне кім айтады? Бұл қандай аспап? Дұрыс жауабын берген бала тақтаға шығып, қолына жетіген аспабын алады. (жетігеннің үні естіліп тұрады)
- Қайғы басқан қарияның
Зарын жырлап беремін
Жеті ұлына арналған
Күйді шертіп беремін.
- Қарияның төртінші жұмбағы:
- Сызылған үні, сүйкімді тілі,
Үрлесең ойнайтын, аспаптың бірі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама