Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ертегілер еліне саяхат
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: - Оқушылардың ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
- Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ертегілер еліне саяхат» плакаты, шарлар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Барысы:
- Мұғалім сөзі. Құрметті қонақтар!
Сіздер қазір мектебіміздің 2 сынып оқушыларының өнерін, білімін тамашалайсыздар!
«Ертегі еліне саяхат» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер!
(ортаға ертегі кейіпкері Ханшайым шығады)
Ханшайым:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен ертегілер әлеміндегі ханшайыммын. Менің әлемімде көріскенімізге қуаныштымын!
Маған кеше бір үлкен хат келді. Сол хатпен сіздерді таныстырайын.
Ертегілер еліндегі ханшайымға! Ханшайым біз сізбен кездескіміз келеді. Сіздің ғажайып әлеміңізге барып білімімізді өнерімізді көрсеткіміз келеді. Сіз қалай қарайсыз? Жауап күтеміз! 2 «А»сынып оқушылары.
Мен оларға қарсы еместігімді айтып қайта хат жолдағанмын. Қазір менің әлеміме 2«А»сынып оқушылары келе жатыр. Бәріміз бірге сол оқушыларды қарсы алайық
Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің ғажайып әлеміме қош келдіңдер! Мен ханшайыммын.

1 - жүргізуші:
Сәлеметсіз бе ханшайым!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Біз бүгін сіздермен ғажайып ертегілер әлемінде көріскенімізге қуаныштымыз!

2 - жүргізуші:
Ханшайым! Сіздің ғажайып ертегілер әлеміңізге бос келгеніміз жоқ. Тақпақтар, жұмбақтар айтып, оқыған ертегімізден сахналық қойылым көрсетуге дайындалып келдік.

Ханшайым:
- балалар сендер айтыңдаршы ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- ең алғаш ертегіні кімнен, қайдан естідіңдер?
- өздерің ертегі туралы не білесіңдер?
(оқушылар ертегі туралы не білетінін айтады )
1 – оқушы:
Балалар, ертегі деген шынымен – ақ ғажап емес пе, сендер осы күнге дейін ертегіні біреулерің ата - әжелеріңнен, енді біреулерің ата - аналарыңнан тыңдап және оқып, теледидардан көріп келесіңдер.
2 – оқушы: Ертегі ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келе жатыр және мәңгі жасай бермек. Ұлы ақын, жазушылардың бәрі бала кездерінде біз сияқты ертегі тыңдап өскен. Қазақ ертегілерін академик Мұхтар Әуезов үш топқа бөледі.
3 – оқушы: Қиял – ғажайып ертегілер. Бұндай ертегілер ойдан, қиялдан туындайды.
4 – оқушы: Жан – жануарлар, хайуанаттар туралы ертегілер. Бұндай ертегілер желісі хайуанаттар арқылы туындайды.
5 – оқушы: Шыншыл ертегілер. Бұндай ертегілер барысы шыншыл әңгіме негізінде туындайды.
6 – оқушы: Ертегіде ақылды, мейірбан болуға, қалай өмір сүре білуге, қалай достаса білуге үйретеді. Барлық нәрсе ақылмен істелу керектігі жайлы айтылады.
7 – оқушы. Ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекеті арқылы адамның әртүрлі қасиеттері анық көрсетіледі: қайырымдылық, батылдық, көмек көрсетуге дайын тұрушылық, достық, қарапайымдылық, еңбекқорлық.
8 – оқушы: Ал адамның жағымсыз қасиеттерін жалқаулық, қорқақтық, дөрекілік қылықтары арқылы көрсетеді.

Ханшайым:
Балалар сендер ертегі туралы көп білді екенсіңдер. Өте тамаша.
1 - жүргізуші:
Ханшайым, Нұрила екеуміздің балаларға дайындап келген жұмбақтарымыз бар еді. Сол жұмбақтарды балаларға жасырсақ қарсы болмайсыз ба?
Ханшайым: Жоқ, жоқ жұмбақтарыңды жасыра қойыңдар бәріміз бірге тыңдайық.
2 – жүргізуші.
Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын
(түлкі)
1 – жүргізуші.
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
(қоян)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама