Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Табиғаттағы су айналымы
Дүниетану
Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы су айналымы
Сабақ мақсаты: Оқушылардың су, оның адам өміріндегі маңызы мен қасиеттері туралы білімдерін еске түсіріп, табиғаттағы су айналымы туралы түсінік беру;
Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамыту;
Қоршаған орта, табиғатты, суды қорғай білуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру
Сабақ әдісі: Тест, проблемалық, ізденушілік, түсіндіру

ІІ. Өткен сабақты пысықтау тест арқылы
1. Темір қорытылады.
а) полиметалды кенінен
в) түсті металдар кенінен
с) қара металдар кенінен
2. түсті металл қорларын анықта:
а) мыс, қорғасын, альюмений
в) қоңыр көмір, тас көмір, анрацит
с) мұнай, газ
3. Қостанай облысында темір кенінің шоғрлану пайыз есебімен
А) 85% В) 82% С) 50%
4. Үй тұрмысында қолданылатын альюменийден жасалған бұйымдар
А) қасық, шанышқы, ыдыс - аяқтар
В) төсеніштер
С) есік, терезе
5. Жезқазған Қоңырат – бұлар қандай кен орындары?
А) мыс кені
В) полиметалл кені
С) темір кені
6. Қарағанды Екібастұз кен орындары:
А) мұнай в) шымтезек с) таскөмір
7. Ашық әдіспен арзан көмірдің өндірілетін орны
А) Екібастұз В) Қарағанды С) Маңғыстау
8. Күл қалдырмай түгел жанады
А) мұнай В) шымтезек С) тас көмір
9. Тас көмірдің ең сапалы түрі:
А) қоқыр В) тас көмір С) анрацит
10. Маңғыстау түбегі мен Каспий маңы ойпатының басты байлығы
А) көмір В) мұнай, газ С) кен

ІІІ. Жаңа материалға дайындық өлең оқу
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тәмәм, бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Судың қандай қасиеттері бар?

Су күйлерін еске түсіру үшін алдымен жұмбақ шешу

1. Жылт – жылт етеді
Жылғалардан өтеді (судың сұйық күйі)
2. Өзі судан жаралған,
Бірақ судан қорқады (мұз - судың қатты күйі)
3. Көзге көрінгенмен,
Ұстасақ қолға тимейді (бу - газ күйі)

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
а) Проблемалық ізденушілік
Бейнетаспадан суреттер көрсету
Бейнетаспадан көргендері бойынша судың қажеттілігін, маңыздылығын, пайдасы туралы сұрау
ә). Мұғалім оқушылар жауабын толықтырып, жаңа сабақты түсіндіреді.
1. Табиғаттағы су айналымы
2. Суды пайдалану қорғау
- Сергіту сәті
(суға айтылған мақал - мәтелдердің жалғасын табады)

V. Жаңа материалдан не түсінгенін байқау
«Сиқырлы таяқша» әдісі «бүгінгі сабақтан не білдім?»
VІ. Үй тапсырмасын беру
Мәтінді оқу, мазмұнын айтуға дайындалып келу.
VІІ Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама