Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Есептер шығару
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:. Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттырып, пәнге деген қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту, танымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жұмыс жасауға, мәдениетті деңгейде ойын сауатты жеткізе білуге, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Десант сабақ
Технология: Ақпараттық
Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап орындау.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныпты сабаққа дайындау
2. Амандасу, сабақта жоқ оқушыларды бегілеу
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді қайталау:
III. Жаңа сабаққа кіріспе
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Жаңа сабақты пысықтауға арналған жаттығулар
VI. Үй тапсырмасы және қорытындылау
VII. Бағалау

Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты Блум таксономиясы бойынша сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру.
БЛУМ таксономиясы негізінде құрылған тапсырмаларды орындайды. Жауап берген оқушылар жұлдызшамен бағаланады.

Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа тақырыбымызда химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын, көлемін (газдың) және зат мөлшерін есептеп табуды үйренетін боламыз. Тақырыпты дәптерлеріне жаздырамын.
Жаңа тақырыппен жұмыс.
Мұғалім есеп шығарып көрсетеді. Жаңа сабақ материялын дәптерге жазғызамын.
1. Массасы 30 г мыстың мырышпен құймасын күкірт қышқылымен өңдеген. Бұл кезде 4, 4 л (қ. ж.) сутек бөлінген. Бұл құймадағы мырыштың массалық үлесін есептеңдер.
1 кезең. Ойлан тап. Топ оқушылары орындарында отырып, берілген есепті шығарып, бір оқушы тақтаға жазады.
1 - топ. 20 грамм натрий гидроксидін тұз қышқылымен араластырғанда неше грамм тұз түзіледі.
2 - топ. Массасы 48 грамм алюминийді оттекпен әрекеттестіріп, алюминий оксидінің массасын табыңдар.
3 - топ. Массасы 43 грамм кальций оттекпен әрекеттескендегі кальций оксидінің массасын есептеңдер

Есептер шығару. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама