Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сарамандық жұмыс. Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау.
Химия 11
Сарамандық жұмыс №1
Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау.

Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Мақсаты: Органикалық заттың көміртегі мен сутегінен тұратынын іс жүзінде анықтау.
Керекті құрал - жабдықтар: Сынауық, ұстағышы бар металл тұрғы, газ жүретін түтігі бар тығынмен тығындалған сынауық, қосымша сынауық, парафин (немесе басқа да органикалық зат), мыс (II) оксидінің ұнтағы, кальций гидроксидінің мөлдір ерітіндісі, сусыз мыс (II) сульфаты, глюкоза (қант немесе басқа органикалық зат), қандауыр, спиртшам.
Тапсырма:
Органикалық заттағы көміртекті - көміртек (IV) оксидіне, сутекті - суға айналдырып анықтау.
Жұмыстың орындалуы:
1 - тапсырма
Қандауырдың ұшымен глюкозаның (қанттың немесе басқа да органикалық заттың) бірнеше кристаллын алып, жалынға ұстап, ептеп қыздырыңдар. Глюкоза әуелі балқиды да, содан соң қоңырланып, жанып кетеді. Қандауырда қара түсті көмірленген масса қалады. Бұл нені дәлелдейді?
Жану өнімдері бойынша парафиннің сапалық құрамын анықтау.
Реактивтер мен құрал - жабдықтар: парафин, металл тұрғы, әк суы, стақан.
А) Жанып тұрған парафин шырақтың үстіне құрғақ стақанды төңкеріп, тұрғы сақинасына орналастырыңдар. Стақанның терлеуін бақылаңдар.
Ә) Жанып тұрған шырақтың үстіне әк суымен шайқалған стақанды төңкеріп, тұрғының сақинасына орналастырып, әк суының лайланғанын бақылаңдар.
Сарамандық жұмыс. Органикалық зат құрамындағы көміртекті және сутекті сапалық жолмен анықтау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама