Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтау, бекіту, қозғалысқа арналған есептер шығаруды пысықтау. Периметр, аудан, көлем табуды бекіту.
2. Оқушылардың іздену қабілетін шыңдау.
3. Логикалық ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі: Брэйн - ринг.
Көрнекілігі: есептің сызбасы, жаңа сабақ кестесі, теңдеу құруға сигналдық карточкалар.
Ертегі кейіпкерлері бейнелері, қораптар, текше, параллепипед.
Техникалық құрал: магнитафон, кассета асылбек Еңсепов «Балалық шақ».

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Бүгін математика сабағымыз «Брэйн - ринг» ойыны түрінде өтеді. Үш топқа бөлінеміз. Топ жетекшілерін сайлаймыз. Әр топ өз түстері белгіленген сигналдық карточкамен белгі беріп жауап береді.

ІІ. Дайындық кезеңі:
1. Ауызша есептеуге тақтаға кесте ілінеді (музыка ойналады). Өрнектің мәнін тез ауызша есептеп табамыз.
- 1991 қандай сан, нені білдіреді, қандай оқиғаны білдіреді?
- Дұрыс, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылы.

2. «Кубизм» ойыны арқылы формулалар туралы ереже айту.
Әр топқа текшені айналдыра түсіріп, текшенің жоғарғы бетіндегі формула туралы сөйлеу керек.
- Периметр деген не? Оның формуласы қандай?
- Аудан қалай табылады?
- көлем деген не? Ненің көлемін таба аламыз?
Текше және параллепипедтің көлемі

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама