Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Жеті қазынаның бірі
Білім беру саласы: қатынас.
Түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегісі
Мақсаты: 1) Балаларға «жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру..
2) Ертегі бойынша желісі бойынша сұрақтарға толық жауап бергізу арқылы анық,
мәнерлі сөйлеуге үйрету, тілін дамыту.
3) Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Көрнектілігі: Жеті қазына мен жеті санына байланысты суреттер, интерактивті тақта,
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Ұйымдастыру, сезімді ояту.
1) Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
- Бүгінгі күн сәтті болсын!
- Бәріңе сәттілік тілеймін!
Оқу іс - әрекет барысы:
2) Ұйымдастыру кезеңі. Сұрақ қоюдан бастаймын.
- Балалар, бір аптада неше күн бар?
- Кім апта күндерін атап берер екен? Балалар, бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.

Ұйымдастырушы, ізденуші
Біздің қазақ халқы жеті санын «киелі сан» - деп есептейді. Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. Байқап отырған боларсыңдар бәрі жеті санына байланысты айтылады. Ал бүгін біз жеті қазына деп нені айтады екен, соны біліп үйренеміз. Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттерден көріп танысайық.

Жеті қазынаның бірі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама