Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 сағат бұрын)
Есерсоқ пен қарт

Құрылыста істейтін бір жас жігіт күшінің көптігімен және өзінің ақылдылығымен мақтанып, кез келген адамды сайыста басып озатынын, басым түсетінін айтып қоймайды екен. Күнде өзінің осы үстемдіктерін айтып қасындағы әріптестерінің мазасын қашырып жүреді. Тағы бірде осылай тәкаппарлығын паш ете бастағанында әріптестерінен бір қарт кісі шыдай алмай: 
— Жарайды, мен сенімен сайысқа түсемін, бірақ жеңілсең бір апталық айлығыңды маған бересің. Мен анау тұрған ғимаратқа дейін арбаға салып сондай бір затты апарамын, сен оны сол арбаға салып қайтадан осы жерге әкеле алмайсың, келісесің бе? — дейді қария. 
— Жарайды ата, келісемін — деп жауаптайды жас жігіт. Қарт кісі арба әкеледі де әлгі жігітке:
— Қане, кел мін арбаға! — деген екен. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама