Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік (презентация)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар етістік туралы түсініктерін пысықтай отырып, алған білімдерін жинақтайды, бекітеді: ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимылын процесін білдіретін сөз табы екендігі жөнінде түсініктері кеңейеді.
Оқушылардың сөз қоры, тіл байлығы байып, қызығушылығы оянын, шығармашылықпен жұмыс жасайды. Еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдіс - тәсілдері(Ой шақыру, «топтастыру» «Семантикалық карта», «Бір айналым сөйлесу», «Бес жолды өлең», «Венн - диограммасы» топпен жұмыс. ойын әдісі.
Көрнекті құралдар: слайд, суреттер, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
1) ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін аудару, 3 топқа бөлу
2) өткен сабақты пысықтау: Ой шақыру әдісі.
«Балық аулау» ойыны.
- зат есім дегеніміз не?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім дегеніміз не?
- Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
-«Әке» сөзін 3 - үш жақта тәуелдеп талда.
Қызығушылықты ояту
Балалар, слайд арқылы қозғалмалы суретті көрсету арқылы қимылды білдіретін сөзді табайық. Әр топ соған байланысты сөйлем құрайды.

- Ендеше қимылды білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Слайд арқылы етістіктің сұрақтарын топтастыру:
Мағынаны тану
Етістік туралы толық түсіндіру.
Топтастыру стратегиясы:
СТО - ға байланысты тапсырма:
1 - жаттығу
«Бір айналым сөйлесу»стратегиясы.
Әр топ сурет бойынша сөйлем ойлап етістікті табу.
2 - жаттығу.
Өлеңді оқып ішінен етістікті теріп жазу.
3 - жаттығу

Топпен жұмыс

І топ--------------- ІІ топ ---------ІІІ топ ----------------------ІУ топ
Зат есім ----------Етістік ------- Сөйлем ойлау --------- Күрделі етістікке айналдыру

Сергіту сәті: Би билеу.
Мен етістікке бір сөз айтамын. Содан сендер сөйлем құрап айтасыңдар.

5 - жаттығу
Шығармашылық жұмыс:
Интерактивті тақтадағы суреттерді сөз мағынасына қарай топтау. Мысалы: қой қоздайды, сиыр бұзаулайды, ешкі лақтайды, түйе боталайды.

Ой толғаныс
Топпен жұмыс.

І топ: Семантикалық кесте
ІІ топ: ВЕНН - диаграммасы
ІІІ топ: «Бес жолды өлең» стратегиясы
«жануар» сөзі
ІУ топ: 3 сөйлем ойлап сөз табына талдау
Топты, жеке оқушыны бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама