Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қанағат рақым ойлап қой
Мақсаттары: Әр оқушының өзіндік мүмкіндіктерін танып, олардың қабілеттерін орай дамытуға жағдай туғызу
Оқыту нәтижесі: «Қанағат» «ынсап» «береке» турасында ақпарат бере отырып, түсініктерін кеңейту
Түйінді идеялар:
Тар пейілді кеңімес
Кең пейілді кемімес
Қанағат қарын тойғызады
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларға нұсқау беріледі.

Амандасу уақыты3 - минут
«Мейірімді есім» жаттығуы
Оқушының іс - әрекеті
Әр оқушы оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атап, ал тыңдаушы алғысын білдіреді.
Әр оқушы оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атап, ал тыңдаушы алғысын білдіреді.
Ресурс: Ойынның шартына нұсқау
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Мозайка әдісімен топқа бөлінуге ықпал ету. Уақыты 5 - минут
Оқушының іс - әрекеті
Абай атамыздың өлең шумақтарынан «талап» «еңбек» «терең ой» сөздерін құрастыра отырып 3 топ құрайды.
1 - топ «Талап»
2 - топ «Еңбек»
3 - топ «Терең ой»
Құралған топтар сол сөздердің мәнін ашып, талдайды.
Мағынаны тану кезі: 7 - минут
- Ынсап сайын береке деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Қанағатсыздық адамдарды қандай жағдайларға итермелейді.
- Кез келген адам арманы мен мақсатына жете алады ма?
Неліктен?
Қойған мақсатқа қалай қол жеткізуге болады?
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ресурс: «талап», «еңбек», «терең ой» қима сөздері
Мақсатқа жетуде адамның өзгелердің алдындағы міндеттері мен парыздары кедергі бола ала ма?
Оқушының іс - әрекеті:
Көрсетілген слайд бойынша мағынаны танып, алдыңа мақсат қойсаң, алынбайтын асу жоқ екендігін және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдарын ұғынады.
«Талап» сөзіне ассосация жасау
Мақсат қоюдың ережелерін құрастыру
Ресурс: Слайд, плакат, маркер
Мұғалімнің іс - әрекеті
Слайд бойынша анықтау сұрақтарын беру. 5 - минут
- Мақсат пен арман бірдей ме?
- Армансыз адам бола ма?
- Назары әдемінің ой – санасы әдемі келеді, ой – санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді» деген оймен қаншалықты келісесің?
«Молекула» жаттығуы арқылы топқа бөлінеді
Оқушының іс - әрекеті
Анықтау сұрақтарына жауап береді. Оқушылар нұсқау бойынша бей - берекет қозғалысқа еніп, атомдар болып жүреді. Молекула болып құралған кезде 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді
Ресурс: Интерактивті тақта
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Джиксо әдісі Топтық жұмыс Уақыты: 10 - минут
С. Ақатайдың «Үш ана» тақырыбындағы әңгіменің желісі әр топқа таратылады.
Оқушының іс - әрекеті
Оқушылар жетістіктің адамға көп еңбекпен келетінін, парасатпен келетінін ұғынып, өзара пікірлесіп, шығармашылық жұмыспен жұмыстанады.
«Джиксо» әдісі бойынша берілген мәтінді әр топ талдап, негізгі түйінін айтады.
1 - топ
«Адамдар қандай жағдайда жарқын жайдары өмір сүреді?»
Жадынама құрастыру
2 - топ
«Үш ананы бір ошақтың басына біріктірген қандай қасиет» флипчартқа өз ойларын суреттеп бейнелеу
3 - топ
«Адамның барға қанағат етіп, тату болса, береке бірлігі арта бермек» жағдаяттар құрастыру
Ресурс:
Интерактивті тақтада жазылған сұрақтар, мәтіннің кесілген бөліктері, флипчарт
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Тренинг «таудың биік шыңдары» Оқушыларға нұсқау беру Уақыты: 5 - минут
Кері байланыс орнату
- Тренинг қиын болды ма?
- Жүргізілген жаттығу мен бүгінгі өтіп жатырған тақырып арасында қандай ұқсастық байқалады?
Оқушының іс - әрекеті:
Оқушылар нұсқау бойынша «таудың биік шыңдары» тренингін ойнап, алған әсерлерімен бөліседі. Кері байланыс орнатып, тақырыппен жаттығуды байланыстырады.
Ресурс: Интерактивті тақтада берілген тренинг нұсқауы, отырғыштар
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ой - толғау Уақыты: 10 - минут
«Мен кіммін» презентациясы көрсету
Ой қорытуға ықпал ету
Оқушының іс - әрекеті:
Көрсетілген бейнекөрініс бойынша ой қорытады. ой - толғауларын айтады.
«Егер қаласа, адамның қолынан көп іс келеді» тақырыбында шағын шығарма жазады.
Ресурс: Интерактивті тақта, «мен кіммін» презентациясы, шығарма тақырыбы
Қосымша тапсырма: Байлықтың бір көзі – еңбек пен қанағат» шығармашылық жұмыс

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама