Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Excel бағдарламасында диаграмма құру
ОҚО, Төлеби ауданы,
Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі
Шанарбаева Күланда Абдраманқызы

Тақырыбы: Excel бағдарламасында диаграмма құру
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Excel бағдарламасында диаграмма құру.
Сілтеме: Информатика Әдістемелік оқулығы, ғаламтор материалдары, газет - журнал материалдары
Жалпы мақсаты. Оқушыларға электрондық кестеде жұмыс жасай алу үшін бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі
І Ұйымдастыру кезеңі. (бейнеролик)
ІІ «Пазл» әдісі. Сурет қиындыларын құрастыру арқылы 2 топқа бөлу

БІЛУ - 12 мин
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру:
1.«Мен терминдерді білемін» ойыны (3 мин)
2. «Қар көшкіні» ойыны (5 мин)
3. Ой қозғау «Келісемін, келіспеймін» әдісі.(4)

ТҮСІНУ - 4 мин
1. Практикалық y=3x 2 - 5 функциясын формула енгізіп, Excel бағдарламасында шығар.
ҚОЛДАНУ – 5 мин
1. Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай тапсырма. Шығармашылық тапсырма.
Сергіту сәті (2 мин)

ТАЛДАУ – 7 мин
8. «Миға шабуыл». Сыни ойлауын дамыту. Футбол ойыны.
Сұрақтарды интерактивті тақта арқылы қоямын.

ЖИНАҚТАУ - 4 мин
1. Электрондық кестенің қолдану аймағы

Бағалау 4 минут
Формативті бағалау парағын толтырып, электрондық кестеге жинақталады, оқушылардың жұмысын мадақтау.

Үйге тапсырма беру / 1 минут
Диаграмма құру тақырыбын оқып келу
Қосымша тапсырма: практикалықжұмысқадайындалыпкелу.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама