Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна

Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыштың мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пысықтауыш туралы мағлұмат беру, тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі)
Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, ребус, сызбалар, буклет
Пәнаралық байланыс – әдебиет

Жаңа сабақ. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл - сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін пысықтауыш дейміз. Мыс; Ол үйге жүгіріп кірді. Сұраулары қашан? қайда? қалай? неге? не үшін? неліктен? Байланысу түрлері – меңгеру, жанасу және қабысу

Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
52 – жаттығу. Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер.
Ол – жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті.

4. Венн диаграммасы (тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер)

5. Семантикалық карта

6. РЕБУС ШЕШІП, синтаксистік талдау жасау

7. СӘЙКЕСТІКТІ ТАП (Пысықтауыштың жасалу жолы)

8. «Арқан тарту» ойыны (синтаксистік талдау жасау)
Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.
Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.
Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.
Бүгін мен де қимылдап көрейін.
Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.
Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.
Бұ кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.
Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.
Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.
Анда - санда көзін қимылдатқандай болды.

9. Үйге тапсырма беру. [8], 54;
10. Оқушылардың білімін бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама